Бүгін, яғни маусымның 21-і күні еліміздің барлық орта білім мектеп оқушыларының биылғы түлектері үшін ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Алғашқы күні сынақ тапсыруға 6,5 мың адам тіркелді. Талапкерлер карантиндік жағдайға байланысты дезинфекциялаудың бес кезеңінен өтпек, – деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Санитарлық шаралар күшейтілді. Бір аудиторияда орта есеппен 18 адам болады; аудитория тек 35% дейін толтырылады; ҰБТ барысын онлайн бақылауға болады; Тапсырушыларға сәттілік тілейміз!