Талғар ауданындағы сегіз мектептің оқушыларын тасымалдау үшін он жаңа автобус берілді

Талғар ауданындағы 8 мектепке оқушы тасымалдау үшін 10 жаңа автобус берілді. Бұл автокөліктердің кілтін мектеп директорлары мен ауыл әкімдеріне Талғар ауданының басшысы Жолан Омаров табыстады, – деп жазады Алматы облыстық “ЖЕТІСУ” газетінің сайты.

– Өткен жылы аудан мектептерін аралап жүріп, ауылдағы балаларды тасымалдайтын автобустардың жағдайын көріп, жүрегімді ұстағаным бар. Сол кезде бұл мәселені тезірек қолға алу керектігін түсіндім. Бұл көліктер оқушылардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету үшін және жақсы оқып, үлгілі оқушы болулары үшін беріліп отыр, – деді аудан басшысы. Сондай-ақ, ауыл әкімдеріне жаңа көліктерді талапқа сай күтіп ұстау қажеттігін айтты.

Айта кетсек, ауданда жалпы білім беретін 42 орта мектеп жұмыс істейді. Оның ішінде 14 мектепке білім ордасы жоқ 25 елді мекеннен 2526 оқушы тасымалданып оқытылады. Жаңа 21 орынды 10 автобусты сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 133 млн.теңге бөлінген. Сонымен бірге, тасымалдау қажеттілігін толық шешу үшін алдағы уақытта 3 мектепке саяжайдың 809 оқушысын тасымалдайтын және Талғар қаласына МТФ-дан 45 оқушыны тасымалдайтын автобустар сатып алу жоспарда бар.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

1

Добавить комментарий