“Жасыл ел”- жастарға жақсы мүмкіндік

Дәстүр бойынша, 1 маусым күні бастау алатын «Жасыл ел» еңбек маусымы елімізде орын алған коронавирус пандемиясына орай, кеш басталып отыр. Дегенменде биыл ауданда 16 мен 29 жас аралығында-ғы 100 адам жасақ құрамында еңбек етеді, – Атырау облысындағы Индер аудандық “ДЕНДЕР” газетінің сайты.

Олардың, алғашқы 50 жасағы 10 шілде күні жұмысқа кіріседі. Жалпы олар негізінен елді мекенді абаттандырумен, жасыл желектерге күтіп жасаумен айналысып қоймай, құрылыс саласының жұмыстарын да атқарады. Жұмыссыз жастар мен студенттер және жоғарғы сынып оқушыларына жазғы демалыстарын тиімді өткізіп, табыс табуға үлкен мүмкіндік беретін жобаға қатысушылар саны жыл сайын артып келеді. Мәселен, өткен жылы ауданымызда «жасылелдіктер» қатары 80 жаспен толығып, олардың қолымен 100-ге жуық түп ағаш отырғызылған. Сондықтан, олардың елді мекенді көгалдандыру жұмысына қосқан үлесі зор.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберіндегі бұл жобаға облыстық бюджеттен 85 млн. теңге көлемінде қаражат бөлініпті. Ал маусымдық жұмыста әр сарбаз бір ай жұмыс жасап, салықтар мен әлеуметтік аударымдарды қоса есептегенде 65 мың теңге жалақы алатын болады. Келесі екінші айында оны басқа сарбаз алмастырады.

Осылайша, жоспар бойынша жүз сарбаз кезең-кезеңімен екі ай көлемінде туған жері үшін еңбек етеді. Ендеше, жаз мезгілінде табыс тауып, әрі қоғамға пайда тигізем дейтіндер болса, аудандық жастар ресурстық орталығына хабарласуға болады. Айта кетейік, «Жасыл ел» еңбек маусымы 2005 жылы Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен басталған болатын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий