Павлодарлық түлектер SAT сертификаттарына ие болды

2020 жылы SAT, ACT және IB халықаралық стандартталған тест нәтижесін ұлттық бірыңғай тестілеу ұпайларына аудару шкаласына енгізілді. ҰБТ-дан SAT сертификаты бар төрт түлек босатылды: «Жас дарын» мамандандырылған мектебі» ММ-нің түлегі- Сағиден Әлем; «Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі» ММ-нің түлектері – Черданцев Владислав, Зелева Кристина, Коблан Мирас, – деп хабарлайды Павлодар облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ұпайларды аудару шкаласына сәйкес халықаралық стандартталған тест сертификаттарының иегерлері ең жоғары 140 ұпаймен ҰБТ сертификаттарына ие болады. Бұл түлектер олимпиадалардың белсенді қатысушылары болып табылады. Олар облыстық, республикалық, халықаралық зияткерлік байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Сағиден Әлем М.В. Ломоносов атындағы халықаралық турнирдің, физика бойынша облыстық олимпиаданың, жас математиктер турнирінің жеңімпазы.

2019 жылғы республикалық олимпиаданың қатысушысы болып табылады, Черданцев Владислав – химия бойынша Менделеев олимпиадасының жүлдегері, Тұңғыш Президент қоры сыйақысының лауреаты, республикалық олимпиадалардың жеңімпазы. Коблан Мирас – Nazarbayev Fond Schools Challengge авиамодельдеу байқауының жеңімпазы, математика, физика, химия пәндері бойынша халықаралық Жәутіков олимпиадасының күміс жүлдегері, физика бойынша республикалық олимпиадалардың жеңімпазы, Зелева Кристина – Nazarbayev Fond Schools Challengge авиамодельдеу байқауының жеңімпазы, математика, физика, химия пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың жеңімпазы, физика пәні бойынша облыстық олимпиадалардың жүлдегері.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий