Ақмола облысында үздік орта білім беру ұйымы анықталды

Көкшетауда жыл сайынғы орта білім беру ұйымын анықтауға арналған байқаудың қорытындысы шығарылды. Екі кезеңді құрайтын бұл байқау тиімді педагогикалық және басқару тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату, орта білім беру ұйымдарының педагогтары мен басшыларының кәсіби және жеке тұлғалық өсуін ынталандыру, еліміздегі орта білім беру жүйесінің даму үрдісін анықтау мақсатында ұйымдастырылған болатын, – деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Қорғалжын мектебі ғимаратының сыртқы көрінісі

“Орта білім беретін үздік ұйым” грантын тағайындау байқауының облыстық кезеңіне 17 өтініш келіп түсті. Бәсекеге қатысушыларды іріктеу 11 қағидат бойынша жүзеге асырылды. Бұл оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу, сапалы білім беруді қамтамасыз ету, білім беру процесін кадрлармен қамтамасыз ету және тағы да басқа мүмкіндіктер. Байқауды ұйымдастыру және өткізу мақсатында облыс әкімінің білім саласына жетекшілік ететін орынбасарының жетекшілігімен сараптамалық талдау жасайтын арнайы жұмыс тобы құрылды.

Бірінші және екінші кезеңдердің байқау комиссияларының құрамына облыстық және аудандық білім беру органдарының мамандары, тәжірибелі педагогтар, әдіскерлер, психологтар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ғылым қайраткерлері, білім саласындағы бақылау департаментінің қызметкерлері қамталған еді. Биыл жылдың гран приі мен 34 000 000 теңгеге сертификатты Қорғалжын ауданының Қорғалжын мектеп-гимназиясы жеңіп алды. Облыстық білім басқармасының бірінші дәрежелі дипломын Сандықтау ауданындағы Балкашино №1 орта мектебі иеленді.

Екінші дәрежелі дипломмен Бурабай ауданы Щучинск қаласының № 7 мектеп-лицейі және Көкшетау қаласының” № 17 орта мектеп-гимназиясы марпатталды. Үшінші дәрежелі дипломға Степногорск қаласының “Л. Толстой атындағы № 4 мектеп-гимназиясы қол жеткізді. Байқаудың негізінде «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын алған мемлекеттік орта білім беру мекемелері грантты білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсартуға және білім беру процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге жұмсайды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий