Қазақстандықтар ЖОО білім гранттарын бөлгенде бақылаушы бола алады

www.egemen.kz
Қазақстандықтарға елдің жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу кезінде мемлекеттік білім беру тапсырыстары мен білім беру гранттарын тағайындайтын конкурстық комиссия жұмысына қатысуға мүмкіндік беріледі. Бұл шараны «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын жүзеге асыру аясында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп ұйымдастыруда, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.
1532764309_article_b_1500_
Агенттік баспасөз қызметінің хабарлауынша, азаматтардың тәуелсіз бақылаушы ретінде қатысуы үшін танымал мессенджерлер мен әлеуметтік желілері арқылы алдын ала Агенттіктің аумақтық департаментіне өтініш беруі қажет.
Агенттік қоғамдық бақылауды күшейтудің осы саладағы сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың ең тиімді тетіктерінің бірі болатынына сенімді. Сонымен қатар, талапкерлердің әлеуетті жұмыс берушілері болып табылатын бизнес құрылымдары өкілдерінің конкурстық комиссияларға қатысуы өте маңызды.
Әр ауданда және облыста құрылған Агенттіктің арнайы бақылау топтарының мүшелері конкурстық процедураларға белсенді қатысады. Оған түрлі салалардағы сарапшылар кіреді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий