Все новости

Грант иегерлерінің арасында қандай мамандықтар трендте?

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» аясында биылғы жылы мемлекеттік тапсырыс 20 мың грантқа көбейді. ҚР БҒМ мәліметінше, республика бойынша білім беру гранттарының саны биыл 53 000-нан асты.  

529fb7e46f3164f574797e9bd510fc65_L-1

Елбасы бастамасында бекітілген жоғарғы білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру – СДУ университетінің қызметіне де ерекше серпіліс әкелді. Білім гранттары санының ұлғаюы —  жоғарғы білім беру саласына әрі адами капиталдың дамуына зор үлес қосты. Қазақстанның түкпір-түкпірі мен шалғай аудандарындағы талапкерлер тегін білім алу үшін бақ сынансып, өз күшін дәлелдеп көрді», — дейді СДУ президенті Мейірбек Мәжитов.

Биыл СДУ-ды таңдаған мемлекеттік грант иегерлерінің саны екі есеге артты. Егер 2017 жылы  мемлекеттік грант бойынша оқу орнына 560 студент түссе, биыл 1168 түлек грантқа ие болды. Олардың қатарында ҰБТ-дан ең жоғарғы ұпайға ие болған алматылық Шиара Құдайбергенова да бар, ол СДУ Бизнес мектебіне қабылданып, «Қаржы» мамандығын таңдады.

Өз кезегінде, СДУ қабылдау комиссиясының сарапшылары аналитикалық талдау жасап талапкерлердің арасында трендке ие болған мамандықтарды анықтады. Сараптамаға сәйкес, жоғары сұрансқа ие 7 мамандық үздік топқа енді.

Мамандықтар тізімінде «Ақпараттық жүйелер» бейіні көш бастап тұр. Бұл мамандықты 290 болашақ IT кадры таңдап,  СДУ-дың Инженерлік және жаратылыстану факультетіне қабылданды, бұл ел бойынша  грантқа ие болған  талапкерлердің  20%.  Сонымен қоса, конкурстан өтудің ең төмен ұпайы – 97 балл болды. Айта кеткен жөн, соңғы екі жылда «Ақпараттық жүйелер» мамандығы Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің рейтингі бойынша бірінші орында тұр.

113 талапкер жаңа педагогикалық «Химия-биология» саласын таңдады, бұл мамандыққа өтудің ең төмен ұпайы – 81 балл. Пайыздық тұрғыдан алғанда, бұл ҚР бойынша жалпы грант иегерлерінің 48%. «Химия-биология» саласының басты артықшылығы – ғылымның толығымен ағылшын тілінде оқытылуында. Жаңа педагогикалық мамандық Елбасының үштілділік саясаты аясында оқу орнында бір жыл бұрын ашылған әрі бұл күні талапкерлер арасында жоғары сұранысқа ие.

Биылғы зор сұранысына ие тағы бір мамандық – «Екі шет тілі» (Two foreign languages). 95 болашақ лингвист өз таңдауын осы мамандыққа  жасады.  Бұл жалпы оқуға түсушілердің 15 %, өту ұпайы-119 балл.

Сондай-ақ, «Халықаралық қатынастар» мамандығы бүгінде өте жоғары сұранысқа ие. Егер бүкіл мемлекет бойынша бұл бағытқа барлығы 47 грант бөлінсе, оның ішінде 13 грант иесі, яғни, 30% СДУ-ды таңдады.

Ал 30%, яғни 98 талапкер «Математикалық ғылымдар» бағыты бойынша еліміздің беделді профессоры Асқар Жұмаділдаевтың шәкірті атануға ниет білдірді, өту ұпайы – 80. Айта кеткен жөн, биыл Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі бұл мамандыққа ресми түрде  бірінші орын тағайындады.

22 талапкер «Қаржы» мамандығын таңдап, СДУ Бизнес мектебінің студенті атанды, бұл жалпы талапкерлер санының 20%, өту ұпайы – 123. Жалпы, Бизнес мектебінің артықшылығы – түлектерге Халықаралық АССА сертификаттарын тағайындайды, бұл оқу бітірушілерге қосымша қызметтік құзырет береді. Сонымен қатар жас мамандар 14 сертификаттың ішінен 9-на және еңбек нарығында зор бәсекелестік қабілетке ие болады.

Көшбасшылар «жетілігі» тізімінің соңында «Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамассыз ету» мамандығы. Бұл мамандыққа биыл 274 грант иесі түсті, бұл жалпы грантқа түскен талапкерлердің 18%, өту ұпайы – 87-ден жоғары. Айта кеткен жөн, мамандық Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің рейтингінде 2-ші орынды иемденген.

СДУ сарапшылараның пікірінше, үздік 20 мамандықтың арасындағы тренд атанған бағыттардың рейтингі осындай.

Гүлім Сағит

 

Categories: Все новости

Комментировать

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.