Студенттер кәріс мәдениетімен таныс болды

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті мен «PAS (The Pacific Asian Society)» ұйымы кәріс ұлтының салт-дәстүрі мен тіліне қызығушылық танытатын жандар үшін арнайы 3 апталық жазғы мектеп ашқан болатын. Жақында жазғы мектептің жұмысы аяқталып, концерттік кеш ұйымдастырылды.
1K2A1606
 
«PAS» ұйымы 20 жылдан аса уақыттан бері жылда Кореяның таңдаулы университеттерінде оқитын студенттерді Шығыс, Орта Азия мен Африкада орналасқан мемлекеттерге жібереді. Еріктілердің басты міндеті жергілікті ортада кәріс ұлтының болмысын дұрыс таныта білу.
Сол үшін ұйым жазғы мектептің бағдарламасы бойынша кәріс тілін оқытатын дәрістер өткізіп, тхэквондо шеберлігін, қолөнер түрлерін үйретіп,  ұлттық тағамдардың жасалу жолдарын көрсетеді. Бұдан бөлек, балалар би өнері мен заманауи K-pop бағытының ерекшеліктерінен де хабардар болды. Қосымша дәріс ретінде алғашқы көмек көрсету сабақтары мен сақтық шараларын қалай дұрыс сақтау керектігін үйретті.
1K2A1533
Екі мемлекет арасында жүзеге асырылған бұл жоба ұлт арасындағы достық қарым-қатынастың нығаюына септігін тигізіп, жастардың жаһандық мәселелерге ерте ат салысуына мүмкіндік тудырады.
17 шілдеде жазғы мектептің қорытындысы ретінде ТарМПУ-дың концерттік залында «PAS» ұйымының мүшелері мен шәкірттері ақтық, қоштасу кешін ұйымдастырды. Концерт Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. Ұйымдастырушылар шараның көңіл серпілтер бөлімінің алдында ТарМПУ ректоры Орынқыз Жолдасоваға көпшілік алдында алғысын білдірді. Сондай-ақ, Білім берудегі инновация және халықаралық байланыстар орталығының басшысы Назым Дүйсенова да жиналғандардың жылы лебізіне ие болды. Келген қонақтардың арасынан Топ жетекшісі Чон ДонГун мырза сөз сөйлеп, артынша сырнай аспабында қатарынан үш композиция орындап берді. Шара барысында, бұдан бөлек,  бетперделер биі, Тхэквондо биі, Қара жорға биі, Калинка биі мен  K-pop бағытында орындалған заманауи билер орындалды.
Кореядан келген 25 ерікті жалпы саны 122 шәкіртке дәріс берді. Олардың басым көпшілігі балалар болса, 30-ы ТарМПУ студенттері. Осы қысқа мерзімде кәріс тілін шамалап үйренген балалар білімдерін жергілікті орталықтарда шыңдайтын болса, болашақта Кореяда оқуға мүмкіндік алады.
 

Серікбол БЕРІКҚОЖА

ТарМПУ-дің Ақпараттық-имидждік бөлімінің басшысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий