Все новости

Алматыдағы ЖОО-ларға жаңадан «Қоғамға қызмет ету» пәні енгізіледі

IMG_8515

«Community Service Learning» (Қоғамға қызмет көрсетуге оқыту-Обучение служению обществу) пәні AlmaU университетінде 3 жылдан бері оқытылып келеді, енді Алматының басқа да оқу орындарында енгізілмекші. Бұл туралы AlmaU-дың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл шешім Алматыда 38 университет құрған «U38» альянсының «Community Service Learning» бағдарламасын енгізу бойынша әлемдік тәжірибені қолдану туралы семинарында мәлім болды.

Almaty Management University ректоры Гүлмира Қорғанбаева аталған пәннің студент жастарды тәрбиелеудегі маңызы зор болатынын айтады.

− Қоғамға қызмет көрсету – «Рухани жаңғыруға» негіз болатын бағдарлама болуы тиіс. Бұл бір жағынан, логикалық нәрсе болса, екінші жағынан жаңа сапалы қадам. Біз университеттер қоғам дамуына қалай ат салысуы керектігін ойладық. Түлектеріміздің мансап, табыс, жақсы жалақы, атақ қуып кетпей, түрлі оқиғаларға байланысты қиын жағдайға тап болғандар туралы да ойлауы тиістігін ескердік. Біз студенттердің тек менталды ғана емес, эмоциялық ой-өрісін де дамытуымыз керек, − дейді Гүлмира Қорғанбаева.

AlmaU-дың тіркеу кеңсесінің жетекшісі Жұлдыз Елубаева университетте «Service Learning» пәнін оқыту бойынша тәжірибесімен бөлісті. Оның айтуынша, бұл сабақта студенттер балалар үйіне, мүгедектер мен қарттар үйіне және басқа да әлеуметтік ұйымдарға барады. Балалар жұмыс істейтін жерін өзінің әлеуметтік икеміне қарай таңдайды.

«Service Learning» бағдарламасы алғаш рет АҚШ-та дайындалып, сынақтан өткізілген. Кейін Аргентина, Чили және басқа да Еуропа елдеріне тараған. Бүгінгі күнге дейін елімізде мұндай пән болмады, оны енгізу AlmaU-дың жаңашыл қадамдарының бірі болып отыр.

Қоғамға қызмет көрсету (Service Learning) пәні 1 семестрге бөлінеді (75 сағатқа жуық). Студенттер дәріс және практикалық сабақтарға қатысып, алған білімдерін кейін белгілі бір қоғамдық ұйымдарда тереңдететін болады.

Рубрики:Все новости

Комментировать

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.