Все новости

АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ МЕКТЕБІНЕ 5 ЖЫЛ

Празднования пятилетия НИШ Атырау (357).jpg

Биыл мектебіміздің ашылғанына 5 жыл толып отыр. Соған орай, оқу орнында салтанатты жиын өтті. Шараға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы, білім беру саласының мамандары, мектеп оқушылары мен ата-аналар жиналды.  

пятилетия НИШ Атырау (437)

Оқушылар мектеп меймандарына мерекеге арналған концерттік бағдарлама ұсынып, ән мен биден шашу шашты. Жиналғандарды мектептің «660» көңілділер мен тапқырлар клубының мүшелері күлкіге бөлесе, домбыра оркестрі Құрманғазының күйлерін нақышына келтіріп орындады. Мектепті бес жылдығымен құттықтауға келгендердің қатарында оқу орынның әжелер ансамбілі, «Мирас» балабақшасының кішкентай тәрбиеленушілері де бар. Қонақтар зияткерлік мектеп ұжымына әдемі туындыларын арнап, сыйлықтар тарту етті.

Мұнайлы өңірде осыдан бес жыл бұрын ашылған Елбасы мектебін бүгінде 535 мектеп түлегі тәмамдады. Олар қазір еліміздің және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алуда.

Құттықтау сөз сөйлеген құттықтауын мектеп директоры Айдарбек Айтбөкешев Назарбаев Зияткерлік мектебі аймақта үздік қазақстандық және халықаралық педагогикалық тәжірибені тарататын алаңға айналғанын айтты.

− Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу барысында облыстағы жалпы білім беретін мектептердің мыңнан астам мұғалімі Назарбаев зияткерлік мектеп базасында біліктілігін арттырды. Елбасы мектебі өңірдегі барлық мемлекеттік және түрлі деңгейдегі қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық орнатты. Нидерландыдағы CIS Халықаралық Мектептер Кеңесінің аккредитациясынан сәтті өттіп, білім беру жүйесі әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті екендігін растады. Бір сөзбен айтсақ, өткен бес жыл өзімізді сынауға әрі аяққа нық тұрып қалыптасуымызға жұмсалды, − деді оқу орын басшысы Айдарбек Айтбөкешев.

Өткен жылдарға шегініс жасап өзімізге есеп берсек, мектептің жүзден аса оқушысы түрлі деңгейдегі – республикалық және халықаралық дәрежедегі байқауларда жүлделі болды. Олар білім мен ғылым, спорт және өнерде де көш бастап отыр. Өткен оқу жылында мектепті 12 жылдық жүйемен бітірген 174 түлектің 134 жоғары оқу орындарына түсу үшін мемлекеттік гранттарға ие болды. 7 оқушы Назарбаев Университетінің foundation бағдарламасынан кейінгі 1 курсқа қабылданып отыр. Ал биыл 1400-ден артық үміткерлер бақ сынаған конкурстық іріктеуде үздік 120 оқушы сыннан сүрінбей өтіп, 7 сыныпқа қабылданды. Қуантатыны, жыл сайын өңірдегі Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсуге ынталы оқушылар саны көбейіп келеді. Олардың басым бөлігі шалғай ауылдардағы елді мекеннің тұрғындары. Аудандардан оқуға түскен балалар үшін мектепте 130 орындық жатақхана жұмыс істейді.

Осылайша, өткенге көз жүгіртіп ертеңге сенімді қадам басқан облыстағы Назарбаев Зияткерлік мектебі алтыншы жылға аяқ басты. Мектептің жүрегі ұстаз болса, ұстаздың жүрегі шәкірт. Ендеше шәкірт тәрбиелеген алтын ұяға алтын белгілердің санын арттыруды тілейміз!

пятилетия НИШ Атырау (454)

Әнуар ЖАМАНҚҰЛОВ,
Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

Рубрики:Все новости

Комментировать

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.