Все новости

Білім беру депозиттері: Қазақстан болашақта білім алуға мүмкіндік беретін елдер тізімінде

названия

Қазақстанда «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі» жұмыс істейді. Бұл дегеніміз – еліміздің кез келген азаматы үшін болашақта Қазақстанда және шетелде кәсіби-техникалық, жоғары білім ақысын төлеуге болатын, өзінің немесе баласының атына білім беру жинақтау салымын (депозит) ашу.

Жинақтау жүйесі еліміздегі әрбір азаматқа баласын қазақстандық немесе шетелдік жоғары оқу орындарында оқыту үшін жинақтаушы депозит ашуға мүмкіндік береді. Бұл депозитке 14%-ға дейін банктің пайыздары түсіп тұрады.

Сондай-ақ, салымшылар мемлекеттің  7 пайыздық (тұрғындардың осал тобы) немесе 5 пайыздық (басқа да тұрғындар) мемлекеттік үстемақысын алу мүмкіндігіне ие.

Бүгінгі күні 16,8 млрд теңге соммасына 19 мыңнан астам салымшы тіркелген. Атап айтсақ, 2015 жылдың ақпан айында 4,7 млн теңге көлемінде мемлекеттің алғашқы үстемақысы төленген, ал 2016 жылы  бұл сомма – 325,6 млн теңге болса, 2017 жылы – 458 млн теңге.

АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Сингапур, Малайзияда да ақшалай құралдарды төмендетілген салық тарифтерінің, мемлекеттік үстемақылар және пайыздық мөлшемелер есебінен жинақтау депозиттік жүйесі жұмыс істейді. Бұл елдерде жинақтау бойынша ата-аналарға баланың атына 18 жасқа толғанша жылына 2000 АҚШ доллары мөлшеріне дейін салым салып тұруға рұқсат етіледі. Бұл қаражатты кәсіби білім алу үшін салық төлемей шешіп алуға болады. Осылайша, Қазақстандағы білім беру депозиттері басқа мемлекеттердегідей балалардың болашақтағы білімі үшін ақша жинақтауға көп көмегін тигізеді.

 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Рубрики:Все новости

Комментировать

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.