Все новости

Қазақстан және Жапония ядролық қарусыздандыру мәселелеріне арналған конференция өткізді

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) Гои бейбітшілік қорымен бірлесіп, «Ядролық қарусыздандыруда қазақстандық-жапониялық ынтымақтастық: Бір тағдыр, Ортақ мақсаттар» халықаралық конференциясын өткізді.

IMG_6526

Конференция ядролық қарусыздандыру және оны әлемде таратпау процессінің дағдарысы, ядролық қарусыздандырудың жаһандық күн тәртібін қалыптастыруда Қазақстан мен Жапонияның рөлі, ядролық қаруға толыққанды тыйым салудың және оны жоюдың басты негізі ретінде гуманитарлық салдарлар секілді мәселелерге арналған.

Іс-шараны аша отыра, құттықтау сөзімен ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Гои Бейбітшілік қорының және «Бейбітшілік туралы ғибадат» қоғамының президенті Хироо Сайонджи және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев баяндама жасады.

Қ. Жұмабаевтың айтуынша, «Қазақстан және Жапонияны ядролық қару зиянынан қасірет шеккен елдердің бір қайғылы тағдыры қосуда. Сондықтан біздің елдер мен халықтарымыз әлем алдында бар дауыспен жақын арадағы ядролық қарусыздандыру және жаппай жою қаруының кез-келген формаларын құрудан және сынаудан бас тарту талабын қоюға құқылы».

Конференцияға спикерлер ретінде Қазақстанның қоғамдық-саяси қайраткері, дипломат, «Невада-Семей» халықаралық қозғалысының көшбасшысы Олжас Сүлейменов, ҚР Парламенті Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшесі Абай Тасболатов, «АТОМ» жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков, атақты қоғам қайраткері  Саясат Нұрбек қатысты.

IMG_6684 Салтыбаев

Талқылау барысында, Олжас Сүлейменов келесіні атап өтті: «Біз (қазақстандықтар) бар экожүйелерді сақтау мен сауықтыруға, соның ішінде, ядролық сынақтардан қасірет шеккен тұрғындардың денсаулығын және аймақтар табиғатын қалпына келтіруге күш-жігерімізді салудамыз. Біздің лозунг: жаһандық ауқымда ойлау, тез әрекет ету. Таза ел – таза ғаламшар!».

Конференция залдың белсенді қатысуымен «сұрақ-жауап» секциясымен жалғасты. Тараптар сарапшылық қоғамдастықпен, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздік жөніндегі жастар бірлестіктерімен диалогты жалғастыру қажеттілігі пікірімен келісті.

Кездесу модераторы ретінде сөз сөйлеген ӘЭСИ директоры  Е. Салтыбаевтың айтуынша, «Астанадағы конференцияның ерекше маңызы бар, себебі әлем ядролық қаруландырудың жаңа жаһандық жарысы алдында тұр. Осы жағдайларда, әсіресе ядролық қарусыздандыру саласындағы моральдық көшбасшы ретінде Қазақстан Жапониямен және басқа елдермен бірлесіп, ядролық қарудан және оның сынақтарынан жаппай бас тарту мәселелерін алға жылжытуға дайын».

Іс-шараның қорытындысында, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының және Гои бейбітшілік қорының басшылары әлемдік қоғамдастыққа ядросыз әлем мақсаттарына қол жеткізудегі күш-жігерді жандандыру және жаппай жою қаруының кез-келген формаларын құруда және сынауда жаппай тыйым салудың пайдасына негізгі дәлел ретіндегі ядролық қаруды қолдану мен сынаудың гуманитарлық салдарлары туралы ақпаратты кеңінен ілгерілету қажеттілігі туралы бірлескен өтінішті үндеді.

Это слайд-шоу требует JavaScript.

Рубрики:Все новости

Комментировать

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.