Все новости

Ардагерлер университетте бас қосты

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде ардагерлер кеңесінің есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Жиынға Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің өкілі  Жаңабай Миллионов, Тараз қаласы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Күләш Әбдікешова қатысты.

1K2A4699

 Елбасымыз: «Қариясы бардың қазынасы бар» деп өскен бізге үлкеннің ақылын алып, өмірлік тәжірибесін үйрену – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын өнеге» деп атап көрсеткендей, ардегерлерге қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет.

1K2A4751

Бірінші кезекте, халықтың әл‐ауқатын арттыруды, материалдық даму және экономикалық мәселелерді шешуде университет Ардагерлер Кеңесі облыстық және Тараз қалалық ардагерлер ұйымдарымен бірлесе, облыста қоғамдық жұмыстарға атсалысып келеді.

Білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде біраз жетістіктерге жеткен аяулы ардагер ұстаздарымыздың еселі еңбегінің жемісі – университет статусын алғанымыздың бірден‐бір дәлелі.

 Ұстаз —  ұлағатты есім. Шәкірттеріңізді білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт‐бағдар беруде еңбектері зор.

1K2A4723

Конференцияда университетіміздің ардагерлер кеңесінде атқарылған жұмыстар бойынша кеңес жетекшісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты Билібай Мүслімов, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев және Тараз қаласы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Күләш Әбдікешова құттықтау айтып, ізгі ықыластарын білдірді. Сондай-ақ, жиын барысында Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті ректорының м.а., э.ғ.к., доцент Орынқыз Көпбосынқызы ардагерлерге арнайы алғыс хаттарын табыстады.

Іс‐шара соңы музыкалық концертке ұласты. Ардагерлерімізден құралған топ Шәмші Қалдаяқовтың әңдерін орындаса, Айбек Мәдібектің «Туған жер» және ЖандосӘліпбаевтың және Нұрбек Амановтың орындауында «Астана» әні шырқалды. «Томирис» бишілер тобы «Вальс» биін қатысушы көрермендерге ұсынды. Сондай‐ақ, келген қонақтарымызға гүл шоқтары тарту етілді.

Categories: Все новости

Комментировать

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.