Все новости

ТарМПУ құрамасы жүлделі орынға ие болды

Ағымдағы жылдың 21-22 қыркүйек күндері Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен жоғарғы және арнаулы оқу орындарының жастары арасында киберспорттан «DOTA 2» ойыны өткізілді.

Турнирге Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінен «INFERNO» құрама командасы қатысып, 1-орынды иемденді.

cyber-sport.jpg

Турнир «Singl Elimination» — тәртібі бойынша, «DOTA 2» ойынының базасында өткізілген. Ойынға 5 адамнан тұратын 2 команда қатыстырылып, «Captain Mode» режимінде «Best of 1» жүйесі бойынша жүргізілді. Таңдау жреби арқылы жүзеге асырылды.

Турнир қорытындысы бойынша І, ІІ, ІІІ – орын алған командалар диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Комментировать

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.