Салалық кәсіподақ төрайымы Түркістан облысына барды

«Бастауыш кәсіподақ ұйымы» жылы аясындағы іс-шараларға қатысу үшін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Н.Өтешов және салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекшісі Р.Қыдырбаева Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды.

Салалық кәсіподақ төрайымының аймаққа сапары Түркістан қаласындағы Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің кәсіподақ активімен кездесуден басталды. Мектептің кәсіподақ комитиетінің төрағасы Б.Абдураймов кәсіподақ ұйымының жұмыс жоспарлары мен бағыттары туралы айтып берді. Айгүл Мұқашева кездесуге қатысушыларды салалық кәсіподақтың қызметі туралы ақпараттандырды.

– Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Бас кеңесінің шешімімен 2021 жыл «Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы» деп жарияланды. Басты мақсат — бастауыш кәсіподақ ұйымдарының еңбекшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі қызметін жандандыру, оларды ұйымдастырушылық және қаржылық жағынан нығайту, кәсіподақ ұйымдарының беделін көтеру. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жылы — бұл бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөлін күшейту мүмкіндігі, – деді салалық кәсіподақтың жетекшісі.  

Бұл тұрғыда ол кәсіподақ белсенділеріне өңірдегі кәсіподақ қозғалысын дамытудағы жұмыстарына ризашылығын білдіріп, кәсіподақ мүшелерінің мүддесі мен құқықтарын қорғаудағы қызметтеріне табыс тіледі. ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Н.Өтешов биылғы атаулы жыл аясында ҚРКФ құрамындағы ең ірі салалық ұйым – білім кәсіподағы тарапынан ұйымдастырылып жатқан шаралардың маңыздылығына тоқталды.

Кездесу соңында А.Мұқашева әріптестеріне кәсіподақ наградаларын табыстады.  Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің  кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Абдураимов салалық кәсіподақтың «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» алтын төсбелгісімен, мектеп  директоры Д.Дийметова күміс төсбелгісімен, сондай-ақ ұстаздар: А.Тойлыбаева мен У.Салаходдинова салалық кәсіподақтың Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебіне салалық кәсіподақтың 300 мың теңгелік ақшалай сертификаты табыс етілді.  

Бұдан соң қонақтар мектептің мұражайымен танысты. Мұражайды мектеп қызметкерлері өз күшімен жасаған екен. Ұстаздар еңбегімен мұражайда  мектептің 100 жылдық тарихы жан-жақты көрсетілген. Түстен соң кәсіподақ мүшелерімен кездесу Кентау қаласында жалғасты. Мұнда кәсіподақ көшбасшылары салалық кәсіподақтың құрамына кірген бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Кентаулық ұстаздармен кездесу барысында салалық кәсіподақ төрайымы сала қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы кәсіподақтың қызметі, салалық деңгейде білім және ғылым саласы қызметкерлері үшін еңбекжағдайын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісім бойынша түсініктемелер берілді.

Сондай-ақ әлеуметтік әріптестік аясында сала кәсіподағының атқарып отырған жұмыстарына қатысты жан-жақты ақпарат берді. Жиын соңында кәсіподақ мүшелерінің өзекті сұрақтарына жауаптар берілді. Айта кету керек, ҚР Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің шешімімен 2021 жыл «Бастауыш ұйымдар жылы» деп жарияланды. Атаулы жыл аясындағы шараларға қатысу үшін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева сәуір айының 1-2 күндері Павлодар облысына жұмыс сапарымен барып, бірқатар маңызды іс-шараларға қатысқан еді.

«Қазақстандық салалық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы»
ҚБ баспасөз қызметі, Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий