Салалық кәсіподақ басшысы ұстаздарды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ төрайымы Айгүл Мұқашева facebook желісіндегі парақшасында (https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=533068554733916&id=100040923274055) ұстаздарды 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтады, – деп хабарлайды осы қоғамдық ұйымның баспасөз қызметі.

«Пандемия жағдайында Сіздерге қолданыстағы тәжірибелерге сүйене отырып, уақыт ағымына жедел ілесу міндеті жүктелді. Ұрпаққа үздіксіз білім берудің соны тәсілдерін лайықты түрде игеріп,  жанкешті жұмыс істедіңіздер. Осындай ұшан-теңіз еңбектеріңіз бен төгілген маңдай терлеріңіз ел болашағы үшін атқарылғандығын біз жақсы түсінеміз. Осы үшін де Сіздерге мың алғыс, Ұстаздар!

Биылғы оқу жылында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының сала қызметкерлері-кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау бағытында атқарған жұмыстары аз емес. 2020 жылы  еңбек заңнамасының орындалуына қоғамдық бақылау аясында 1610 тексеру жүргізіліп, түрлі 1768 бұзушылық анықталды. 63 қызметкер жұмыстарына қайтарылды, оның ішінде үшеуі сот орындарына жүгіну арқылы болса, 260 заңсыз жұмыстан шығарудың алды алынды.

Кәсіподақ мүшелеріне 1,4 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды. Осы уақыт аралығында кәсіподақ мүшелерінен келіп түскен 2961 жазбаша өтініш қаралды. Кәсіподақ пен мүшелік ұйымдары еңбек заңнамасын және әлеуметтік әріптестік актілерін орындауға қоғамдық бақылау тиімділігін арттыру және құқықтық қызметті нығайту бағытындағы жұмыстарын одан әрі жалғастыра бермек.

Қадірлі әріптестер! Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке, амандық тілеймін. Жыл бойы атқарған жұмыстарыңыз жемісін беріп, шәкірттеріңіз үміттеріңізді ақтасын. Жазғы демалысты  шуақты, қуанышты да жайлы жағдайда өткізуге тілектестік білдіремін», – деп жазды Салалық кәсіподақ төрайымы құттықтауында.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий