Все новости

Мерейлі  мереке –ұстаздар күні № 200 мектеп – гимназия төрінде

Білімсіз адамзат қоғамын елестету мүмкін емес. Үйрену, ақпарат алмасу адам тіршілігіндегі  басты  құндылық болып келсе, қоғамның дамуына  орай  білім – ғылым ең басты  қажеттіліктердің біріне айналды.  

Білім кілті ұстаздың  кең пейілді  жарқын бейнесі  мен білімдарлығы арқылы  шәкірт  санасына  терезе болып ашылмақ. Ұстаз  шәкірт  жүрегіне  жол табарлық, пәнін  қызықтырарлық жол  іздейді, өз  білімін жетілдіреді.

Мұғалім үлкен өмірге  қанат қағатын шәкірт білімінің іргетасын қалап қана қоймайды, сонымен  қатар оқушының болашақ  тағдыр- талайын да айқындайды.

М. Жұмабаев  «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»  деп айтып кеткен, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи  әлеуметтік, мәдени  рухани  болмысын дамытуға, қоғамдық  өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда  ұстаздардың  еңбегі зор. Атап айтар болсақ,  биылғы жылы  Алматы қаласы, Наурызбай ауданы,  Ақжар ықшамауданында  жаңадан ашылған          №200 мектеп – гимназия білім ордасы алғаш рет мерейлі төл мерекелерін  тойлап өтті. Алдын ала ұстаздар күніне жоспарланған 5 — 8 – сынып оқушылар арасында «Менің  Ұстазым» тақырыбында  суреттер  көрмесі  ұйымдастырылды. Оқушылардың  ұстаздарына  арнап салған суреттері  шәкірттердің  ақ ниеті мен  адал жүрегінен  туындағандығын көрсетеді. «Ұстаз аты – биік , әрі  мәңгілік» тақырыбында «Адал ұрпақ» клубымен  бірге  өткізген дөңгелек  үстел  жұмысы жасалды. Оқушылар дөңгелек  үстел барысында  мұғалім — мәңгі  нұрдың  қызметінде  ақылдың  нәрін  сеуіп, нұр құятын  адал жүректі жан екендігін ортаға  салып  сұхбат жүргізді. Ұстаз мамандығы – дүниедегі ең абыройлы , қадірлі  мамандық. Жаңа қоғамда жаңа ұстаныммен оқушыларына білімнің нәрін себетін ұстаз мерейін асыру туралы ой  бөлісті.

«Талабы таудай ұстаз» тақырыбында  3- 4- сынып оқушыларының  арасында  шығарма жазу байқауы өткізілді. Бұл байқауда бастауыш сынып оқушылары өз   шама- шарқынша    ұстаздар күніне орай жазған шығармалары  ұстаздарына деген құрметін көрсете білді .

10 — сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Жанды  дәлізде» ұстаздарын  мерекелік  қошеметпен қарсы алды. Бұл ұстаздар қауымына ерекше  қуаныш сыйлады. «Ұстаз – ұлы тұлға » тақырыбында мектебіміздегі өнерлі, дарында оқушылармен ұйымдастырылған    концерттік бағдарлама тамашаланды.

Мұғалім- оқушы үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі.

«Ұстаз деген – ұлы есім» деп,-  М. Қашқари айтқандай, мұғалім деген ардақты есімге кір келтірмей  жүрген ұстаздарымызға мың алғыс.

Шәкірттерінің өзінен басып озғанын олардың жетістіктеріне қуана білген аяулы ұстаздар,  әрбір атқан таңдарыңыз шуақты,жандарыңыз қуатты болып, мерекелеріңіз құтты болсын!

 

                                                                Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалім

Тұрсынова  Ә.Р.

Рубрики:Все новости

Комментировать

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.