Все новости

Бақытжан Сағынтаев Өскеменде білім беру жүйесінің сапасымен танысты

www.primeminister.kz

Бақытжан Сағынтаев арнайы техникамен жабдықталған физика, биология және химия кабинеттерін аралап, АT-сыныптарында роботты техника және техникалық жүйелерді автоматтандыру бойынша оқушылардың әзірлемелерімен танысты.

.PNG

№ 46 орта мектептің директоры Г. Ауғанбаева жаңа модификациядағы сыныптар интерактивті сенсорлық тақтамен, микроскоптармен, химиялық тәжірибелерге, биология жұмыстарына арналған арнайы жабдықтармен жарақтандырылғанын айтты. Физика сыныбына да компьютерлік өлшеу құрылғылары, электростатика, радиотехника, мультимедиялық нұсқаулықтар орнатылған. АT-сыныбында қажетті компьютерлік техникадан басқа, Robotis Mini гуманоидты роботы, роботтар жарыстарына арналған алаң, «Ақылды жылыжай» (Smart Agriculture) Arduino білім беру жинағы, 3D Printer Tarantula және басқа жабдықтар бар. Білім беру процесінде технологияларды қолдану цифрлық экономикаға білікті кадрларды даярлауға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» жүйесі мен оқыту әдістемесі басқа мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандартқа айналуы тиіс» деп атап өтті. Бұл мектептегі білім беруді реформалаудың соңғы кезеңі болмақ.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің деректеріне сәйкес, бүгінде «Назарбаев зияткерлік мектебінің» стандарттарына сәйкес 277 орта мектепті жаңа модификациялау және роботты техника сыныптарымен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 1 қыркүйектен бастап 277 жалпы білім беру мектебінде түгелдей АT-сыныптары ашылды.

Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары А. Нүсіпова Елбасы алға қойған міндеттерді ескере отырып, білім беру сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Мәселен, мектептерде кедергісіз интернетке кіруге мүмкіндік бар, барлық мектептер «Күнделік» электронды журналы мен күнделіктер жүйесіне қосылған. Облыста барлығы 187 245 бала білім алатын 691 орта мектеп жұмыс істейді. 70% мектеп сыныптары компьютерлік және мультимедиялық жабдықтармен қамтылған.

Айта кету керек, Президент Жолдауын іске асыру аясында білім беру және денсаулық сақтау салаларында тиімділікті арттыруға басымдық бере отырып, аталған салаларды мемлекеттік қолдауды арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Елбасы бес жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты жалпы ішкі өнімнің 7,4%-дан 10%-ға дейін жеткізу туралы міндет қойды. Үш жылдық бюджет аясында білімге жұмсалатын шығындарды биыл 456,3 млрд теңгеден 2021 жылы 752,1 млрд теңгеге дейін немесе 65%-ға арттыру көзделген.

Биыл Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 16,5 млрд теңге қарастырылған. Денсаулық сақтау нысандарын дамытуға 9,4 млрд теңге (соның ішінде РБ-тен — 1,2 млрд тг), материалдық-техникалық базаны нығайтуға — 3,6 млрд тг, күрделі жөндеу жұмыстарына — 0,3 млрд тг қарастырылған.

Categories: Все новости

Комментировать

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.