Все новости

Павлодардың жас лингвисттерінің жеңісі

«Балдәурен-Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығының негізінде 2018 жылдың 10 қазан күні 8-9 сынып оқушыларына арналған І Республикалық «Boitumar-2018» лингвистикалық олимпиадасы өткізілді.

IMG-20181011-WA0010

Олимпиада орта буын оқушыларының айтылым және жазылым дағдысын жетілдіру арқылы сын тұрғысынан ойлау мен зияткерлік кабілетін дамытуға бағытталған. Іс-шараға жалпы білім беру мекемелерінің, гимназия, лицейлердің 8-9 сынып оқушылары қатысты. Олимпиаданың жұмыс тілдері болған: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

Павлодар облысынан 6 оқушы қатысып, төртеуі жүлделі орынға ие болды.

І дәрежелі дипломмен дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8 сынып оқушылары: Ермаченкова Софья (ағылшын тілі), Дандыбаева Данель (орыс тілі) және Шамшиденова Жибек (қазақ тілі) марапатталды. ІІІ дәрежелі дипломға облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Митрошина Алина (орыс тілі) ие болды.

Рубрики:Все новости

Комментировать

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.