Все новости

Бағдан ҚАЙЫРЖАНОВ, Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ директоры

Газет қашанда халықтың көзі һәм құлағы болып келеді. Сонымен қатар баспасөз бүгінгі қоғамды тәрбиелеуші қуатты күш. Алаш арыстарының бірі М. Дулатов «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы мықты» деген екен. Күнделікті өмірде болып жататын түрлі жаңалықтар, оқиғалардың барлығын ақпарат құралдары арқылы оқып, көріп, естіп отырамыз.

Каиржанов

Әлеуметтік желі қаншалықты дамыды десек те, газеттердің орны ерекше. Соның ішінде ұстаздар қауымына арналған газеттердің рөлі өз алдына бір бөлек. Болашақ қазақ елінің іргетасын қалаушы жастарды тәрбиелеу жолында тынымсыз еңбек етіп жатқан мұғалімдер үшін республикалық «Білімді ел – Образованная страна» газеті сенімді серікке айналды.

Танымдық, қоғамдық-саяси басылымның әр аптадағы санынан еліміздегі елеулі жаңалықтарды оқып білумен қатар, отандық білім саласындағы ақпараттармен қанығуға болады. Соның ішінде білім саласындағы өзекті проблемалар, оларды шешудің жолдары, білікті ұстаздардың таратқан іс-тәжірибелері түсінікті, жатық тілмен жазылып, басылады. Отбасы, балабақша, мектептегі бала тәрбиесі де назардан тыс қалмай, жиі жарияланып тұрады. Соның ішінде ұлттық тәрбиеге басымдық берген елге танымал тұлғалардың материалдары оқылымы жоғары еңбектердің қатарында. Білім саласында өзіндік із қалдырып, үлгі етер ісі көп өнегелі аға буын өкілдерінің өмір жолынан жазылған сұхбаттар да қызықты әрі тартымды. Әлемдік білім кеңістігімен еркін іс-тәжірибе алмасу жолдары да газетте жарияланып тұрады. Осының барлығы бүгінгі Қазақстан ұстаздарына керек деректер дер едім.

Рубрики:Все новости

Комментировать

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.