Все новости

Басқарма төрағасы, академик А.Қ.Күрішбаевтың студент-жастармен кездесуі

2018 жылы 1 қараша күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Басқарма төрағасы, академик А.Күрішбаевтың студент-жастармен кездесуі өтті.

DSC_0565

Кездесуде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауы кеңінен талданып, халқымыздың игілігін көздейтін алдағы міндеттер, әлемдік бәсекелестікке ұмтылған мемлекетіміздің кемел мақсаттары және оған жастардың қосар үлесі сөз болды.

А.Күрішбаев: «Елбасымыздың алдағы жылды «Жастар жылы» деп жариялауынан Сіздер үлкен қамқорлықты және өздеріңе жүктелген зор сенімді сезіну керексіздер»,-деп ерекше тоқталып өтті.

DSC_0551

Басқарма төрағасы жастарды академиялық шыншылдық ережесін, жемқорлықтың алдын алу бағытында оқу орнымыздың абыройлы жетістіктерін жалғастырып, осындай үлгі болар дәстүрді сақтауға,болашақ маман ретінде елге қызмет етуде «адалдық» тізгінін бекем ұстауға шақырды.

DSC_0563

Сондай ақ, университеттегі өзін-өзі басқару құқығына ие, дәстүрлері қалыптасқан студенттік ұйымдардың, клубтардың, спорттық лигалардың жетістіктерін саралап, жаңадан құрылған Медиаторлар, Еріктілер тобының ұжымдық бірлікті, қоғамдық белсенділікті қалыптастырудағы маңызын айтып өтті. Жастар саясаты бағытын кеңейту мақсатында алдағы жылы студенттік қалашықтан «Жастар орталығы» ашылатынын мәлімдеді.

Студенттер де өз тараптарынан университеттегі ғылым, білім беру бағытындағы жетістіктерге мақтанышпен қарайтындарын айтып, өздеріне жасалған барлық қамқорлыққа жүрекжарды алғыстарын Арнаумен жеткізді.

Қазақ агротехникалық университетінің

Баспасөз орталығы

 

Это слайд-шоу требует JavaScript.

 

Рубрики:Все новости

Комментировать

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.