Все новости

Астана «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары Англияда өтетін футзал жарысына қатысады

2-3 қараша күндері Астана қаласы «NURORDA» мектеп-лицейінде «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» және «БІЛІМ ОРДА» Халықаралық қоғамдық қорына қарасты білім беру ұйымдарының оқушылары арасында, Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен кіші футболдан республикалық жарыс өтті.

photo5400306615032326499

Республикалық кіші футбол жарысы биыл 6-рет ұйымдастырылып отыр. Сайысқа «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ қарасты ұйымдарының және «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ меморандум жасасқан мектептердің 7-8 сынып оқушыларынан құралған 27 команда, барлығы 250-ге жуық оқушы қатысты.

Ашылу салтанатына Қазақстан футбол федерациясының Бұқаралық футбол департаменті директорының орынбасары Серік СӘРСЕНБЕКОВ, «Білім-инновация» ХҚҚ Президенті Дархан ӨТЕ және «Білім Орда» ХҚҚ Президенті Дарханбек ҚОЖАБЕКОВ қатысып, оқушыларға сәттілік тіледі.

IMG_8888

Бірінші күні таласқа толы ойындар қызықты да тартымды болып, жанкүйерлер тақымын қысып отырды. Нәтижесінде қарсыластарын басып озып, шаң қаптырған Астана, Ақтау, Атырау, Қостанай, Алматы және NURORDA мектеп-лицей командалары ширек финалдан топ жарып шықты.

Финалда Алматылықтардан айласын асырған Атыраулықтар үшінші орынға табан тіресе, Англияда өтетін футзал жарысына жолдама Астана және Ақтау лицейлерінің командалары арасында ойналып, 6:1 есеппен Астана «Білім-Инновация» лицейі жеңіске жетті.

photo5400306615032326477

Ойын барысында тынымсыз шабуыл жасап, сұрмергендігімен көзге түскен Коломийцев Танат – «Үздік шабуылшы» атанды.

Қарсы жақтың шабуылшыларын қыспаққа алып, өз командасын тығырықтан алып шыға білген Бауыржанұлы Айбек – «Үздік қорғаушы» деп танылса, жеңіске жеткен команданың бапкері Усипбеков Шоқанға – «Үздік бапкер» атағы бұйырды.

Командаларын алға сүйреп, тамаша өнер көрсеткен Мұхаммеджан Иманғали – «Үздік ойыншы» атанды.

Небір қауіпті соққыларды тойтарып, қарсыластарының шабуылдарына тосқауыл бола білген Измуханбетов Алихан – «Үздік қақпашы» атанса, «Үздік гол авторы» – Жакьяев Исламбек, Есқожа Сағадат – «Ең жас ойыншы» номинациясына ие болды.

Это слайд-шоу требует JavaScript.

Рубрики:Все новости

Комментировать

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.