Все новости

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – БІЛІМ САПАСЫ МЕН ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІНІҢ КЕПІЛІ

«Өрлеу «БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ-ның 2018 жылғы іс-шаралар жоспарына сай  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылған идеяларды іске асыру мақсатында  «Білім сапасы – қазақстандықтардың әл-ауқатының өсу кепілі» тақырыбында ашық диалогтік алаңы өткізілді.

.png

Онда білім сапасын жетілдіру бойынша ең қолайлы нысандары қарастырылып, тиісті «Жол картасына» әзірленген төмендегідей ұсынымдар талқыланды:

— мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі арттыру үшін оқыту әдістерін қарастыру;

— орта білім берудің жаңартылған мазмұны шеңберінде 4К моделіне бағдарланған педагогикалық қызметкерлердің біліктілік құзыреттілігін арттыру;

— жаңартылған білім беру бағдарламаларының тұжырымдамалық идеяларын іске асырудағы проблемаларды шешу үшін ғылыми-әдістемелік консалтингтік қызметтерді ұсыну;

— білім берудегі жаңа тәсілдер жағдайында халықаралық стандарттарға негізделген білімді бағалау жүйесін жетілдіруге ықпал ету;

— ең сұранысқа ие мамандықтарға балаларды бағдарлау және кәсіптік диагностика жүргізу жолдарын қарастыру;

— мектеп психологтарының қызметін күшейту, білім берудің жаңа реформалары негізінде қосымша білім беру жұмыстарын ұйымдастыру.

Аталмыш іс-шара Түркістан облысы білім басқармасының басшысы И.Сағындықов, Шымкент қаласы Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Ж.Тажиева, Педагогикалық шеберлік орталығының филиал директоры, Ж.Калгинбаева, Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы А.Абылайхан, аудандық және қалалық білім бөлімінің басшылары мен әдістемелік кабинеттің меңгерушілері, «Ұстаз нұры-информ», «Болашақ» газетiнің бас редакторлары Бейсе Әнуарбек, Тұрсынбай Қанайлардың қатысуымен өткізілді.

Әр қатысушы өздерінің пікірлерімен бөлісті. Елбасының Жолдауын негізге ала отырып педагогтердің мәртебесін көтеру мақсатында облыстық білім басқармасымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы бірлесе ұйымдасқан түрде көптеген іс-шараларды алға жоспарлап отырғандығын айтты.

Біліктілікті арттыру курстарды өткізу мектептерге тәжірибеге шығу барысында мектеп мұғалімдерімен тікелей байланыста жұмыла отырып жұмыс істеу қажеттілігіне назар аударылды. Мұғалімдердің аттестациялаудан өту үшін бірінші кезекте біліктілігін арттыру қажет екендігіне баса тоқталды. Осы тұрғыда мұғалімдермен жұмысты күшейту қажет екендігін, мұғалімдердің өз бетінше көп ізденуді және де  ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жасау барысында жұмысты жандандыру қажеттігіне тоқталды.

Ұстаз мәртебесін арттыру бойынша сауалнамалар алынып, жаңа стандарттық жобалар дайындалып жатқандығын айтты. Ұстаздардың еңбек өтілі бойынша 63 жаста зейнетке шығуына пікір білдіре келіп, осыған орай ұстаздар қауымын ертерек зейнетке шығару мүмкіндігін қарастыру бойынша ұсыныс берілді. Келесі ұсынысында, ұстаздық қызмет артқаруға жастарды көптеп тартуды, мұғалімдердің жалақысын көтеру жұмыстарын негізге алды.

Ордабасы аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие кабинетінің әдіскері Ш.Ә.Пернебай тәрбиешілердің жұмысын жақсарту, әсіресе, жекеменшік балабақшалардың жұмысына баса назар аудару қажеттілігін айтты. Жекеменшік балабақшаларда тәрбиешілердің жұмыстарына көңіл толу үшін қайта сертификатталуын қадағалау керектігін және саз жетекшісінің қызметін тәрбиешілердің өздері атқарып жүргенін тілге тиек ете келіп, «Тәрбиеші және саз жетекшісі» деген диплом мамандығын қолға алуды ұсынды. Тәрбиешілерді қайта даярлау курстарын өткізу барысында жылжымалы курстар ұйымдастырылса, қаржыландыру мәселесі қаралса деген өтінішін білдірді.

Өзіндік маңызы бар бұл іс-шараның соңында институт директоры Л.Искакова диалогтік алаңға келген қонақтардың барлығына алғыс білдірді, сонымен қатар, Елбасының білім сапасын жақсартуға бағытталған жалынды сөздерін келтіріп, әріптестерін  жан-жақты жұмылып жұмыс жасауға шақырды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ «Инновациялық технологиялар мен  жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық)  пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушылары У.Исмайлова, С.Жолшыбекова

 

Рубрики:Все новости

Комментировать

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.