Все новости

Туған елге тағзым етілді

Зияткерлік  мектеп оқышылары  өз елінің тарихы және көрікті жерлерімен танысу мақсатында «Туған елге тағзым» жобасын бастады. Балалар  Астана, Алматы, Ақтау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Шымкент, Семей қалаларына сапар шекті. 

11

Назарбаев Зияткерлік мектептері тәрбиеленушілерінің отанына деген сүйіспеншілігін арттырып, бойына патриоттық сезім ұялату мақсатында 2012 жылдан бері «Туған елге тағзым» жобасы жүзеге асырылады. Оның аясында әр өңірдің оқушылары Қазақстанның басқа облыстарына саяхат жасайды.
Биыл танымдық-өлкетану экспедициясы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның 10 жылдық мерейтойына, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға арналып отыр. Айта кету керек саяхатқа шығатын оқушылар жыл бойы түрлі пәндік олимпиадалар мен ғылыми сайыстарда жүлделі орын алған және мектептің қоғамдық өміріне тұрақты араласқан үздік оқушылар.

Жоба аясында балалар архитектуралық, археологиялық, өндірістік, аграрлық, тарихи, табиғи, мәдени нысандарды аралап, қызығушылықтарын оятқан сұрақтарға жауабын алды.

Биылғы «Туған елге тағзым» жобасының бағдарламасы өте кең әрі жан-жақты қамтылған. Мысалы оқушылар Астана қаласында «Тұңғыш Президент мұражайы», «Бозоқ қалашығы», «ЭКСПО» халықаралық көрмесі, «Қазмедиа» орталығына барса, Ақмола облысындағы «Бұйратау» ұлттық паркі, «Қорғалжын» мемлекеттік қорығын көрді. Алматыда Іле өзенінің сол жақ жағалауындағы «Көшпенділер қалашығы» мен дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені «Медеу» шатқалына және Алатаудың жауһар тәжіне баланған «Шымбұлақ» шыңына танымдық саяхат жасады. Ал ШҚО-да Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйіне, ОҚО ежелгі Отырар қаласына барды. Жалпы балалар зауыт, мұражай, түрлі қорықтар, ежелгі ата-бабамыздан мұра болып қалған қызықты нысандарға шолу жасап тарихымен танысуда.
Күн сайын «Туған елге тағзым» қатысушылары өз мектептерінің веб-сайттарында және әлеуметтік желілерде жергілікті тарих экспедициясының қалай өтіп жатқандығы туралы әңгімеледі.

Оқушылардың саяхаттан алған әсерлері ерекше. Экспедицияға қатысушы Әліби Жеңіс Орал қаласындағы Зияткерлік мектептің оқушысы.

—  «Осыған дейін теледидардан тамашалап, кітаптан оқығн қасиетті жерлерді өз көзіммен  көрдім. Меніңше, бұл жеті күн бізге жүз жылдық рухани азық болады. Маған әсіресе еріктілердің ашықтығы,  достық көңілі ұнады. Мен экпедиция барысында Орал мен Шымкенттің ұқсас тұстарын іздедім, Шымкент біздің қала сияқты жасыл екен.  Екінші тоқсанды осындай шабытпен, көтеріңкі көңіл күймен бастағаныма қуаныштымын», — дейді Әліби.

7

— Біз орманшының жұмысымен жақынырақ таныстық. Ол кісі бізге түрлі қызықты сәттерді айтып берді. Сол жерде мекендейтін қасқырлар орманшыларға тимейтіні мені таң қалдырды. Керісінше, олар қорықты қорғауға көмектеседі екен, — деген ойымен Тараз қаласындағы Зияткерлік мектептің 9-сынып оқушысы Аяжан Кемелбек бөлісті.

Тараз қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Інжу Тұралиеваның айтуынша, «Туған елге тағзым» оқушы кезден ел аралауға, таным көкжиегін кеңейтуге таптырмайтын зор мүмкіндік. Оны таң қылғаны жер немесе ғимарат емес, адамдардың табиғаты. Шымкент жұртшылығының —ашық әрі қонақжайлылығы.

2012 жылы бастау алған жоба аясында еліміздің әр қаласындағы зияткерлік мектептердің 3000-ға жуық оқушы Қазақстанның түрлі аймағына саяхат жасауға мүмкіндік алды.

 

Это слайд-шоу требует JavaScript.

Рубрики:Все новости

Комментировать

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.