Все новости

Айдана Мұрсәлімова, Астана қаласы №85 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі

IMG-20181112-WA0007Бүгінгі ғаламтор мен әлеуметтік желінің «бағы жанған» кезеңде, бір қуанарлығы, БАҚ-ы өз маңыздылығын, қажеттігін, ақпарат таратудағы тазалығын, мақала берудегі шынайылығын жоғалтпай келеді. Соның бір дәлелі — әсіресе, педагогтер арасында үлкен сұранысқа ие, әрқайсымызға етене жақын болып кеткен республикалық «Білімді ел» газеті. Газеттің елдегі әр мұғалімнің, оқытушының, тәрбиешінің көмекші құралына, ойын білдірер ашық алаңына, білім саласының жаңалығы жарияланып тұратын ақпарат көзіне айналғаны айқын.

Бұл газеттен оқушылар мен ата-аналар да өз қажетіне жарайтын ақпараттар мен мәліметтерді таба алады. Мен «Білімді ел-Образованная страна» газетінің тұрақты оқырманы ретінде әр жыл сайын газетке жазылып, әрбір нөмірін асыға күтемін. Газеттің өз сайтының болғаны да бізге, мұғалімдерге ыңғайлы. Қай жағынан да бүгінгі заман талабына сай, оқырман сұранысын ескеріп жарық көретін, берері мол газеттің болашағы жарқын екеніне сенемін.

Рубрики:Все новости

Комментировать

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.