Бірлігіміз берік болса бағынбайтын белес жоқ

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент мәжілісінің отырысында халықпен бетпе бет кездесіп 1 сағаттық мәлімдеме жасады. Бұған дейін қаңтар айының бесі күнгі үндеуінде «Бізге өзара сенім және өзара диалог керек» деп еді, бүгінгі мәлімдеме сол сенімді шегелеп, халықтың көңіліндегі көп күдікті сейілтті.  Президентіміз бүгінгі халыққа арнаған сөзін  «Қасіретті қаңтар» сабағы: қоғам тұтастығы – тәуелсіздік кепілі» деп атады.

Сөзінің басында «Тәуелсіздік тарихында біз алғаш рет аса күрделі және қатерлі кезеңге тап болдық. Ел басына түскен осындай сынақты қайыспай біртұтас ел болып еңсере білдік» деп бастап, елдегі жағдайға толық сараптама жасады. Халықтың жанын жегідей жеген күрделі мәселелердің барлығынан хабардар және оны терең зерттеп, түбегейлі реформалар жасауға дайын екендігін көрсетті. Ол өзінің елдегі ахуалды толық білетіндігін және оны халықпен бірлесе отырып шеше алатын саяси күш-жігерін айқын танытты.

Соның ішінде, нақты атап айтсақ:  атамекен гранты 400 АЕК 1166800 теңгеге дейін өседі; жастарға жаңа жұмыс орындары ашылмақ; техникалық мамандықтарға басымдық беріледі;  бес жаңа жоғары оқу орны ашылады, оның екеуі батыс аймақта; 2025 жылға дейін инфляция дәлізі 3-4% болмақ және алдағы уақытта да қағазбастылықтың бұрынғыдан да азаятынын айтты. Қасым-Жомарт Кемелұлы сөзінің соңын «Қиын күндер артта қалды.

Осы сәтте ел тағдыры үшін ұйыса білген бүкіл халқыма шынайы ризашылығымды білдіремін! Бәріміз бұл оқиғадан сабақ алуымыз керек. Ең бастысы, береке-бірлікті, тыныштық пен тұрақтылықты сақтауымыз қажет. Енді, Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталады. Бұл шынайы жаңару кезеңі болады. Егемен елімізді бірге өркендетейік! Халқымыз үшін Тәуелсіздік бәрінен қымбат. Жаңа Қазақстанды Бірге құрайық!» – деп аяқтады.

Мен де тәжірибелі педагог, білім беру ұйымының басшысы ретінде жалпы халыққа, әріптестеріме, әсіресе өскелең ұрпаққа Отанымыздың тәуелсіздігі – ең басты байлығымыз, сол байлығымыздың бағасын білейік, еліміздің іргесі сөгілмеуі үшін, Отанымыздың тұтастығы үшін  бір кісідей жұмылып қызмет етейік дегім келеді.  Президентіміз – басшы болғанда, біз қосшы болып бір мақсат, бір ұстаным, бір бағытпен алға ұмтылсақ, алынбайтын қамал, бағынбайтын белес болмайды.   

Гулмараш Орынбасаровна МУКАШЕВА,
№6 Хромтау гимназиясы
директоры, Ақтөбе облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий