Все новости

Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Білім беру ісінің үздігі – Аягүл Төреқызы Миразова биыл мерейлі 70 жасқа толады

cba47a606feb65e5506e5eda41d8cebd

ТЕРРИТОРИЯ ДОБРА И ТВОРЧЕСТВА

Шакирова Гульзада Дюсебаевна,
Почетный работник образования РК

Наш  любимый город Алматы дорог нам своим теплом и уютом, особенной атмосферой, которая так хорошо знакома каждому алматинцу. Среди множества людей, окружающих нас, есть особенно дорогие, оставившие добрый след в душе. О таком человеке, от Бога наделенном талантом, умеющем понять и почувствовать, найти заветный ключик к сердцу каждого человека,  и хочется сегодня рассказать. Это Миразова Аягуль Тореевна – хрупкая женщина с огромной душой, которая готовится отметить свой юбилей. Она по эрудиции – историк, по точности формулировок – математик, по образности речи – словесник, знающий силу и цену слова.

Далее

ҰСТАЗ –ҰЛЫҚ  ЕМЕС, ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ

                                                                                Абуталипова  Айнагүл  Ақжайықовна,                                                             қазақ  тілі  мен  әдебиет  пәнінің  мұғалімі

Ертенгі күннің бүгінгіден гөрі жақынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Ендеше, еліміз тәуелсіздікке қолы жеткен қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі негізгі міндет – ұлтымыздың таным құндылықтарын бойына сіңіріп, салт – дәстүр, әдет – ғұрып мәйегін ұрпақ санасына егу арқылы тәлім – тәрбие беру.

Толығырақ 

ҰСТАЗ -ҰЛЫ ЕСІМ!

Қойшыбаева Жазира Тумакбаевна,
№85 Жалпы білім беретін мектептің

  қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі 

Мен таңдаған мамандық ұстаз болып, ұстаздық қызмет атқарып жүрсемде… мен өмірде екі адамға мәңгі қарыздармын: бірі -ата-анам болса, екіншісі анамдай болған ұстазым. Соның ішінде анамызбен бірдей ұстазымыздың да берген білімін, тәрбиесін Меккеге үш арқалап апарсақ та өтей алмасымыз анық. Бұл ұлы есімге мәңгі қарыздармыз…

Толығырақ

ҰСТАЗДЫҚ-ҰЛЫ ҚҰРМЕТ

Сағындықова Бейбітгүл Үсенқызы,
Алматы қаласы   №85  жалпы білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі 

Өмірге келгеннен бастап, әр адам баласы осынау кең дүниенің бөлшегіне айналары анық. Адам баласы болған соң, армансыз өмір сүре алмайсың, соның бірі мына мен.Ұлағатты ұстаздарға қарап өстік. Сол ұстаздардан білім алдық. Міне сол арманымның арқасында мен де ұстаз болып жүрмін. Мұғалімдерінің әрқайссының өз тағдыры бар, өз тарихы бар. Соның бірі  -Аягүл Төреқызы Миразова. Аягүл Төреқызындай болуды кез-келген ұстаз армандайды. Ол үшін іздену, ерінбей еңбек ету керек.

Толығырақ

ВЕЛИКИЙ УЧИТЕЛЬ ВЕЛИКИХ СЛУЖБ

Абаганова Лазым Мамырбековна,
Похомова Елена Ивановна,
учителя КГУ ОШ №80
                      Жетысуского района

Один стремится быть красивым, другой- сильным, третий- умным. Для кого-то высший жизненный идеал- карьера, для кого-то- семья, а кто-то всю свою жизнь посвящает обществу, народу. Я считаю, что таким человеком можно считать Миразову Аягуль Тореевну.

Далее 

Бибігүл Бейсембаева,
Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясы
директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары,
Әуезов ауданы, Алматы қаласы:

Хәкім Абайдың «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» дегенін ғұмырлық ұстанымы етіп алған Аягүл Төреқызы Жамбыл педагогикалық университетінің физика-математика факультетін аяқтағаннан кейін, еңбек жолын Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қарабастау ауылындағы орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып бастайды.

Толығырақ

Галина Руденко,
учитель русского языка и литературы
КГУ «Общеобразовательная школа №85»
Турксибского района г. Алматы:

Много лет работаю учителем русского языка и литературы, но до сих пор учусь, постигаю свою профессию в бесконечно меняющемся мире. Вот перед нами этот самый мир, но мы видим его не только своими глазами – нам помогают видеть Чехов, Абай, Шекспир. Читая их книги, мир вокруг видишь шире. Такую же роль играют и наши коллеги-мастера, делающие все окружающее ярче и интереснее.

Далее

Салтанат Ынтыбаева,
№194 негізгі орта мектеп
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Медеу ауданы, Алматы қаласы:

Алаш ардақтысы, белгілі ақынымыз Мағжан Жұмабаев: «Әрбір ұлттың бала тәрбиесі туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, мұғалім баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті» – деген екен.

Толығырақ

Ләйлә Әділова,
№7 ЖББМ директоры,
Сәуле Мұхаметжан,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Медеу ауданы, Алматы қаласы:

Кешегі Ы.Алтынсарин іргетасын қалаған ізгі жолда өзінің айшықты еңбегімен дараланған Аягүл Төреқызы Миразова шәкірттерінің, елінің құрметіне ие болған жан. Ол – ұлағатты ұстаз. Себебі ғибратты ғұмырының қымбат шақтарын болашақ буынды оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнап келеді. Өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына нұр құя білген Аягүл Төреқызының өмір жолы – болашақ жас ұрпаққа үлкен өнеге.

Толығырақ

Жумагулова Тамара Маликовна

№107 лицей

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Өмірде  мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады.

Толығырақ

ҚАСИЕТ ПЕН ҚАБІЛЕТТІҢ ҮНДЕСІМІНДЕ ҚАЛЫПТАСҚАН БҮТІН БІТІМ

Жанат Дәулетбекова,
Қазақстан-Британ техникалық университетінің профессоры,
педагогика ғылымдарының докторы

«Мұғалім болу – қызмет емес, Құдай берген міндет…» — дейді Ы.Алтынсарин. Бүкіл ғұмырын бала оқытуға, тәрбиелеуге жұмсаған ұлы тұлғаның өмір тұжырымының тереңіне бойлай қарасаңыз, осындай Ұлы міндетті мінсіз атқару үшін шынайы мұғалімнің бойында бірімен-бірі үйлесім тауып тұратын үш қасиет болуы шарт екенін бағамдайсыз. Олар: ТЕРЕҢДІК, БИІКТІК, КЕҢДІК… Мұғалім болуды армандайтын адамның білімі терең, білігі жоғары болса, ол бала алдында зор беделге ие болмақ…

Толығырақ

АЯГҮЛЬ ТӨРЕҚЫЗЫ МИРАЗОВАНЫҢ
70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ЭССЕ

Ылясов Ербол Үсенұлы,
№87ЖББМ директордың
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Ертенгі күннің бүгінгіден гөрі жақынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Ендеше, еліміз тәуелсіздікке қолы жеткен қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі негізгі міндет – ұлтымыздың таным құндылықтарын бойына сіңіріп, салт – дәстүр, әдет – ғұрып мәйегін ұрпақ санасына егу арқылы тәлім – тәрбие беру.

Толығырақ

ИЗЛУЧАЮЩАЯ СВЕТ И ТЕПЛО

Калдыбаева Кумысжан Абдлдиновна,
директор общеобразовательной школы № 64 г. Алматы

Хочется рассказать о яркой Личности, Человеке высокой культуры, Учителе с большой буквы — Аягуль Тореевне Миразовой. Своей мудростью, педагогическим и жизненным опытом она не устаёт делиться всю свою сознательную жизнь. Для неё каждый: взрослый это или ребёнок  — интересная личность, что-то неизвестное, которое хочется познать. Она может порой заметить в личности те качества, которые заметит не каждый.

Далее 

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

Тайғожаева Меруерт Муқашқызы,
№129 мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.

Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.Сондай ұлағатты ұстаздың бірі — Миразова Аягүл Төреқызы.

Толығырақ

 

Ұстаз ұлық емес – ұлы қызмет

Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қайыпова Гүлнұр Алпысбайқызы

Шығыс даналығында « Ұстаздың орны патшадан да бөлек, өйткені патшаның өзі ұстаздың алдында  отырып дәріс алады»  дейді екен. Сондай ұлағатты ұстаздың бірі деп  Аягүл Төреқызын айтуға болады. Математика пәнінің мұғалімі болса да, әдебиетті өте жақсы көретін ақынжанды адам. Бала кезінде өлең шығарып, мақалаларын жариялаған екен. Сондықтан да болар  ұлағатты ұстаз — тіл жанашыры. Анамыздың ақ сүтімен келген қазақ тілін, мемлекеттік тілді  дамыту үшін өз үлесін қосып жүрген жанның бірі. Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін қатты бағалайтын — Отаншыл адам. Бұлай дейтінімізге Аягүл Төреқызының мақтанышпен айтқан мына сөздері дәлел:  «Тәуелсіз елде білім алу ең тамаша мүмкіндік. Оның ең кереметі өз елімізде қазақ тілінде шығатын оқулықтар.

Толығырақ

 

Рубрики:Все новости

Комментировать

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.