Все новости

Ұлы даланың жеті қырын ашқан Елбасымен біргеміз

ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 21 қарашасында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болып табылатын «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялады. Ұлы даланың мәдениеті мен әдебиетін, өткені мен бүгінің түйіндеп, ертең атар жарқын болашақтың өкілдеріне мирас етуші жолды нұсқады.

Әр жолдауында жастар қамын ұмыт қалдырмайтын Елбасы «Жастардың терең білімі – жарқын болашақтың кепілі» — деп біледі.

Махабад Ольмесовнаel-erteni2 — копия.jpg

Осы себепті жастарға артар үміті мен жүктейтін тапсырмалары біршама. Жастардың жоғары білім алып, келешекте жақсы қызметке орналасып, қоғамның толық қанды мүшесі болуына, дамып, жетілуіне жан-жақты мүмкіндіктер туғызып отырған көшбасшының саясатын Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері толық қолдап, орындалуына ат салысады.

el-erteni1 — копия

Соңғы жазылған Жолдауды қолдау мақсатында университетіміздің белсенді студенттері «Ел ертеңі Елбасымен біргеміз» атты науқанын ұйымдастырды. Университет ректоры Ержан Әмірбекұлының бастауымен Ел ертеңі Елбасымен біргеміз деп үш рет ұрандатқан жастардың алдына Қазақстан студенттерінің Альянсының төрағасы Сабек Сұлтан шығып студенттерді жігерлендіретін үндеу оқыды. Шара соңында 100-ден аса студент ортаға шығып Жаңбырбай Нұрсұлтанның орындауындағы «Мен қазақпын» әніне флешмоб биледі.

ТарМПУ  «Ақпараттық — имидждік» бөлімі

Рубрики:Все новости

Комментировать

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.