Өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша Елбасының берген тапсырмасына орай, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтың 2017 жылғы 11 тамыздағы №405 бұйрығымен Орта білім беру ұйымдарының 1-11 сыныптарында дене тәрбиесінің әр үшінші сағатында «Футбол сабағы» сынақтан өткізілуде.
2018 жылы 1000 мектептен 584 610 оқушы қатысты.
Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығы Қазақстанның Футбол Федерациясымен бірлесіп республикамыздың әр аймағында дене шынықтыру мұғалімдеріне оқу – практикалық семинарлар өткізіп, сертификаттар берілді.Сонымен қатар «С» категориясы бойынша біліктілік арттыру курстары жоспарлануда.
2018-2019 оқу жылының ерекшелігі 1-4 бастауыш сынып оқушыларының арасында «Балдәурен» ұлттық мектеп лигасы.
Биылғы оқу жылында «Кока-кола Алматы Боттлерс» компаниясы «Футбол сабағына» демеушілік ретінде пилоттық жобаға қатысатын мектептерге 10000 футбол добын бөліп, оның 4794-і таратылып, 2019 оқу жылында 5206 добын тарату жоспарлануда.