Все новости

«Мұғалімнің мәртебесі туралы» заң жобасының талқылауы

2018 жылдың 5 қазандағы мемлекет басшысының халыққа жолдауынан: «Алдымыздағы жылы «Мұғалім мәртебесі» жайлы заңды әзірлеу және қабылдау қажет деп ойлаймын. Ол мұғалімдер үшін және мектепке дейінгі даярлық мекемелері қызметкерлері үшін ынталандыруды қарастыруы қажет, мөлшерлемені қысқарту, күтпеген тексерістерден алшақтату және сәйкес емес қызметтен босатуы тиіс» Н.Ә. Назарбаев.

Мұғалімдік жұмыс қызметкерлері Павлодар облысында өте маңызды, мұғалім қоғамдағы мәртебесін жоғарылату, және педагог мамадығына деген құрметті қайтару туралы заң жобасын талқылауға белсенді ат салысуда.

DSC_0009.JPG

«Мұғалімнің мәртебесі туралы» заң жобасын талқылауға 2018 жылдың 23 қарашасында облыстық кәсіподақ қызметкерлері, ғылым мен білім беру басқармасы қызметкерлері қатысуымен белсенділе отырысы өткізілген болатын. Осы отырыста білім беру басқармасы өкілдері, Қоғамдық бірлестік филиалының, бастапқы кәсіподақ мекемелерінің төрағалары, білім беру мекемелерінің, оның ішінде: жалпы білім беру мектептерінің, мектепке дейінгі даярлау мекемелерінің, колледждердің, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернат мекемелерінің басшылары, облыстық кәсіподаққа қарасты Жастар кенесінің мүшелері қатысқан болатын.

Заң жобасын талқыға салу барысында аймағымыздың білім беру мекемелерінің барлығы барынша ерекшеліктері есепке алынған. Мұғалім мәртебесі шын мәнінде қандай болуы, ұстаздың жалпы орта білім беру мектептерінде немесе орта техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде қандай болуын мұғалімнен жақсы басқа ешкім білмейді. Егер де өз жұмысы барысында кездесетін, ұстаздық жұмыстың қиыншылықтарына келетін болсақ, ол тек қана жалақы немесе жұмыс шартына байланысты емес. Көбінесе мұғалімдердің әрекетінің сапасына профессионалдық міндеттерінен алшақ, құзіреттіліктеріне сәйкес келмейтін қызметтерді атқаруы қатты әсерін тигізеді.

DSC_0059.JPG

Облыстық білім беру басқармасының кадрлық ұйымдастыру және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы М. Сагындықова білім беру басқармасының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жұмыс тобына енгізілген ұсыныстар жөнінде ақпарат көрсеткен болатын.

Сонымен қатар, Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің оқу-әдестеме ісін жүргізуші орынбасары — Б. Садимова, Ақсу қаласының білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ мекемесінің төрағасы – Ж.Рүстем, Тереңкөл ауданының Песчанное №2 жалпы орта білім беру мектебінің директоры – Н. Алипова, Павлодар қаласының №10 бала бақшасының басшысы — Б. Темірбекова, Павлодар қаласының отбасы

үлгісіндегі балалар ауылының директоры – Г. Каримова, Павлодар қаласының №34 жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі – Н.Савченко да нақты ұсыныс жасаған болатын.

«Мұғалім мәртебесі туралы» заң жобасына белсенді қатысушылармен келесідей ұсыныстыр енгізілді:

1) пән бойынша сабақтан тыс және сыныптан тыс дайындалып, жүргізілетін жұмыстар үшін қосымша төлемақы жүйесін әзірлеу және енгізу;

2) педагог қызметкерлерінің жалақысын жоғарылатуды қарастыру: психологтарға, әлеуметтік педагогке, қосымша білім беру педагогтарына, кітапханашыларға, жетім немесе ата-ана қарауынсыз қалған балаларға арналған интернат қызметкерлеріне;

3) пән бойынша сабақтан тыс және сыныптан тыс дайындалып, жүргізілетін жұмыстар үшін қосымша төлемақы жүйесін әзірлеу және енгізу;

4) академиялық «мамандық бойынша магистр» денгейі бар педагогтарға қосымша төлемақы қарастыру;

5) тәжірибелі жұмыс істейтін жұмыскерлерге педагогикалық тәжірибе жинақтау мақсатында, алыс жақын шет елдерге халықаралық іс-сапар ұйымдастыру;

6) педагог мәртебесін мемлекеттік қызметкер мәртебесімен теңдестіру, себебі, мұғалім мемлекетік маңызы бар іспен шұғылданады.

7) 25 жыл жұмыс тәжірибесі бар педагог қызметкерлеріне, уақытынан бұрын зейнетке шығу мүмкіндігін қарастыру;

8) салалық сый «Қазақстан Республикасының білім беру саласында еңбек сіңірген жұмысшы», «ҚР білім беру үздігі», Ы.Алтынсарин атындағы медаль алған педагог қызметкерлеріне қосымша төлемақы қарастыру;

9) 30 жылдық еңбек өтімі бар педагог қызметкерлерін ұлттық квалификациялық тестілеуден босату;

10) педагогикалық мекемелердің ауылдық жерге жұмысқа орналастырылған барлық түлектеріне, «Дипломмен ауылға» бағдарламасында көрсетілген жеңілдіктерін қарастыру;

11) ауылдық жерге жұмысқа орналастырылған, Педагогикалық мамандық түлектеріне, білім беру мекемесінде еңбек ету кезеңінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қызметіне шақырылуынан кейінге шегерілуін қарастыру;

12) білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне мамандыққа сәйкес емес қызметтерді төлемақысыз орындатуды болдырмау;

13) педагог қызметкерлерін мектепке дейінгі даярлау мекемесіне бірінші кезекке тұруға құқылы азаматтар қатарына қосу;

14) қоғамдық көліктерде және мемлекет ішіндегі қалалар арасында жүретін пассажир тасымалдауда, педагог қызметкерлеріне жеңілдіктер қарастыру;

15) «Республиканың 100 үздік педагогтері» жобасын бастау;

16) Қазақстан Республикасының заңберушілік актілеріне («ҚР административті құқықбұзушылықтары жөнінде» Кодекс, ҚР Азаматтық кодексі», «Отбасы және неке» Кодексінде мұғалімдер мен педагогтарға

қарсы бағытталған әрекеттерді жасаған, құрмет пен қадірін қорлаған оқушы ата-аналарына жазалар еңгізу.

Бұл ұсыныстар мұғалімнің мәртебесін көтеруде септігін тигізуі тиіс.

Мұғалім, ұстаз – білім беру жүйесінің ең басты негізі. Мемлекеттік басқарма органдары, педагогикалық корпус, ата-аналар қоғамдастығы кәсіподақтар – барлығымыз бір болып, педагог мәртебесін жоғарылатуға өз үлесімізді қосуымыз тиіс, себебі, біздің мемлекетіміздің болашағы, Қазақстан ұрпағының болашағы олардың қолында.

Қазақстандық салалық білім

және ғылым қызметкерлері

кәсіподағының Павлодар

облыстық ұйымының

маманы – Г.О. Джаркенова

Рубрики:Все новости

Комментировать

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.