ҚР Білім жəне ғылым министрлігі білім беру нысандарын жекешелендіруге наразы

Білім беру нысандарын жекешелендіруге қатысты ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің ұстанымын 13 ақпанда өткен Алқа жиналысының отырысында министр Ерлан Сағадиев білдірді. Оның айтуынша,
«сенімді басқаруға беруді себеп қылып, жергілікті жерлерде балабақшалар мен колледждерді жекешелендіру жүргізіліп жатыр деген ақпарат таратылуда. Біз жекешелендіруге үзілді-кесілді қарсымыз. Өткен жылы 700-ден астам жаңа балабақшалар мен мини-орталықтар ашылғаны жақсы болды, көбісін жеке кәсіпкерлер ашты. Біз ондайды қолдаймыз, бірақ жекешелендіруге қарсымыз» – деді министр.

«Білім жəне ғылым министрлігінің  жеке мектептер желісін кеңейту қажеттілігі туралы мәлімдемесін дұрыс түсіну керек. Сөз тек жаңа мектептер туралы қозғалуда. Жаңа мектептердің құрылысын жеке инвестицияларды тарту арқылы ынталандыру керек. Дегенмен барлық мемлекеттік мектептерді сақтап қалу жəне жеке сектор қызықпайтын жерлерде құрылыс жүргізуді жалғастыру керек» – деп пайымдады ҚР БҒМ “Қаржы орталығы” АҚ-ның басшысы Асқар Ибрайымов.

Шынымен де мектептер салу қажеттілігі зор, бұл халық санының өсуімен де, қала тұрғындарының артуымен де байланысты. Министр Е.Сағадиев мәлімдемесі бойынша, əрбір екі жыл сайын 300-ге жуық мектеп салу керек, оған бюджеттік қаражаттан 350-400 млрд теңге қажет. Білім беру ведомствосы басшысының ойынша, жеке капитал тартуды ынталандыру керек. Сонымен қатар, министр “мемлекет мектептер құрылысын, əсіресе, ауылдық жерлерде құрылыс жүргізуді жалғастыратынын” қуаттады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий