Маңғыстау елді мекендері Интернетпен толық қамтылған

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ стратегиялық, мемлекеттік және салалық бағдарламаларға сәйкес Маңғыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

Ол туралы Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов аймақ тұрғындары алдында есеп беріп, 2017 жылды қортындылады.
Экономиканың барлық саласын, әлеуметтік, тұрғын-үй коммуналды және тағы да басқа салаларын цифрландыруға көшіру мақсатында ағымдағы жылы Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау аудандарының 12 елді мекендерін кең жолақты интернетке қосу жұмыстары аяқталады. Қаржысы 100% шешілді. Қалған елді мекендер интернетпен толықтай қамтылған.
Облыста 2017 жылы 26 балабақша пайдалануға берілді, оның ішінде 25-і жеке инвестиция есебінен. 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 93%. Жыл соңында бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу жоспарлануда.
«Облысымызда туу көрсеткіші жоғары. Осыны ескере отырып, үш ауысымды оқытуды болдырмау үшін жаңа мектептер салынуда. Биыл 9 жаңа мектеп пайдалануға. Тағы да 3 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Олар – Ақшұқыр ауылында 600 орындық мектеп, Атамекен және Басқұдық ауылдарындағы мектептерге әрқайсысы 320 орындық қосымша ғимарат», – деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
Облыста бір жылдың ішінде жаңа 12 жылыжай іске қосылып, жалпы саны 27-ге жетті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий