Дарынды балалармен жұмыс жасау

Ең алдымен, Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне жұмысқа орналасқан кезде, дарынды балалармен қалай жұмыс жасауға болады? Қандай тапсырмаларды берген жөн? деген сұрақтар болды. Мектеп ішінде мұғалімнің өз-өзін дамытуға жақсы жағдай жасалған: мектепішілік курстар, дидактикалық материалдың көптігі және т.б.

Соның бірі “Дарынды балалармен жұмыс жасау” курсына қатысқан уақыттан бастап (2017 жылдың қаңтар айынан), көптеген қызықты да, өзіме қажетті мағлұматтарды алдым. Педагогтың мақсаты қазіргі заманда бәсекеге қабілетті жеке тұлға даярлау және еліміздің болашағы балалар болғандықтан, олардың қабілеттерін дамыту үшін қолымыздан келгенді аянып қалмауымыз керек. Әрине әлі үйретінім алда, халық айтпақшы оқу инемен құдық қазғандай сондықтан да, осы ойды да балалардың зейініне құйған жөн деп санаймын.
Дарынды балалардың  жеке  және зияткерлік мінездемесі келесідей: анық байқалатын ойлау қабілеттілігі; оқудағы жылдамдық; ұзақ зер салуға қабілеттілігі; әділ болуы; өз іс-әрекетін мәнін түсінуі; сөйлеу, оқу дағдыларының ерте дамуы; зеректік; әзілқойлық; ойлану талабын қажет етуі; дәлдікті/логиканы  қажет етуі; жалпыға қабылданған қағидаға күмән келтіруі; жоғары сезімталдық; жоғарғы дәреже өзін-өзі сынай алуы.
Дарынды балалардың эмоциялық қажеттілігі келесідей: кемеліне жеткізуге ұмтылыс; сәтсіздіктен қорқу; өзінің өзгеден бөлек екенін түсінуі; қарым-қатынас пен коммуникациялық дағдысының дамуы; өзіне және өзгеге үлкен үміт артуы; жаңа білім мен жаңа сезімдерді алғанда өзіндік анализ жасай алуы; айналасындағыларға деген сезімталды.
Әрине, Гарднердің интеллекті анықтау тесті де қолданылды. Бастапқыда дәріс беретін сыныптардың ішіндегі оқушылардың бірнешеуі таңдап алынды. Сол оқушылардың көбінесе не нәрсеге қызығатынын анықталғаннан кейін көпшілік сынып пен қоса сол тапсырмаға байланысты ойын ойнап, креативті тапсырмалар орындады. Соның бірі “М”  атты оқушым өте зерек, ағылшын тілі пәні тапсырмаларын аса ұқыптылықпен орындайды. Бұл оқушым тақырыптың концепциясын анықтауда өте жақсы нәтижелер көрсетті. Өзге сыныптастары ойламаған нәрселерді ойлап отырады.
Келесі А атты оқушым  да концепцияны анықтауда өте жоғары көрсеткіштер көрсетті. Бірде, дәріс тақырыбы “Food shortage in the world” болатын, бұл оқушым басқа оқушылар айтпаған мәселені шешу жолдарын ұсынды. Және де  “A day in my life when I’m 30” деген тақырыпқа жазған шығармасы мектеп газетіне шыққан болатын. Жоғарыда айтылған оқушылардың барлығының жұмыстары әрдайым мектеп газетіне жарияланып тұрады.
Ал, Р атты оқушым өзіне-өзі сенімді, ақылды тілді жақсы меңгерген, бір жағынан еріншектігі де жоқ емес. Оған берілген тапсырмалардың бірі өзіңнің сүйіктің асыңның қалай жасалатыны туралы ағылшын тілінде видео түсіру болатын. Сол видеода асын әзірлеу кезінде ағылшын тілінде сөйлеп, тақырыпқа қатысты сөздерді қолданған болатын. Видео түсіру тапсырмасын беруімнің себебі оқушының қызығушылығын арттыра отырып, оқушының  ағылшын тілін дамыту.
Альберт Эйнштейн “Қызығушылық – ең жақсы ұстаз” деген екен. Осы бір сөзді ескере отырып, өз дәрістерімізде кез келген ұғымды, анықтаманы, формуланы шын өмірде қалай қолдануға болатынын айтып өтсек, балалардың қызығушылығы арта түсер еді. Мысалы, менің бір оқушым маған “математикадағы косинус, синус немесе тангенс деген ұғымдардың маған қажеттілігі шамалы” деп айтты, бірақ та осы бір  формулаларды  қайда? қашан? қолданылатынын білсе, балалардың осы бір қиын да қызықты ұғымдарды қайткенде де түсінуге тырысатыны, оқуға деген ынтасының артатыны хақ. Eгерде сіздің сыныбыңызда сіздің пәніңізге қызығушылығы төмен бала болса, оны қай пәнге қызығушылығы бар екенін анықтап, сол пәнге байланысты өз тапсырмаңызды беруге болатынын түсіндім. Мысалыға, жоғарыда атап өткен оқушыға аталған математикалық ұғымдардың  біреуі “синустың” шын өмірде көзілдірік жасауда, ұялы телефон жасауда көмегі бар екенін білсе, оған қызығушылығы артатыны анық.
Хурия Павиз, Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі ағылшын тілі пәні мұғалімі
 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий