Нұржан мен Жансаяның энергетикалық жобасы көпшіліктің көңіліне жақты

Семей қаласындағы физика –математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің 11-сынып оқушылары Нұржан Бөдес пен Жансая Қанағатова үйлер мен ғимараттарды, әлеуметтік маңызы бар нысандарды таза экологиялық энергия көзі арқылы жылытуға болатынын дәлелдеді.

Олар күнделікті қолданыстағы көмір, электр, сұйық отынның орнын жаңа өніммен алмастыруды көздеп, жаңа жоба ұсынды. Қос шәкірт өз ойларымен көпшілік алдында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар сайысында бөлісті. Алматы қаласында өткен осы сайысты «Дарын» республикалық ғылыми –практикалық орталығы ұйымдастырды.
4 бағыт бойынша өткізілген сайыстың соңғы кезеңіне 700 –ден астам оқушы қатысып, 592 ғылыми жұмыстар көрсетілді.
– Біз «Жартылай өткізгіштерді тұрмыста қолдану» тақырыбындағы жобамен соңғы бір жарым жылдан бері физика пәнінің мұғалімі Замира Мамадилованың жетекшілігімен айналыстық. Республикалық сайыста осы жобаны отандық физика саласының ғалымдары алдында дәлелдеп, сәтті қорғадық. Қазір әлемде болашақтың энергиясына көп көңіл бөлінеді. Демек, біздің жоба ең өзекті мәселенің жаңа бір шешімін тапты десек артық айтпаймыз. Ендігі жоспарымыз осы жобамызды жетілдіріп, іске қосу, яғни қолданысқа енгізу ойымызда бар, – дейді олар.
Өндіріске тың жаңалық енгізуге талпынған Нұржан мен Жансаяның жаңалығы әділ қазылары алқасы тарапынан жоғары бағаланып, республикалық сайыстың 2 –ші дәрежелі дипломымен күміс медаль табысталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий