22 ақпанда сағат 10.00-де ЕҰУ-де жастар форумы өтеді

2018 жылғы 22 ақпан күні сағат 10.00-де Л.Н.Гумилев Еуразия Ұлттық Университетінде «Жастар және дәуір келбеті» республикалық жастар форумы өтеді.
Форум Астана қаласының 20-жылдығы мен Елбасы Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын және 2018 жылы 10 қаңтарда жарияланған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауынан туындаған мәселелерді талқылау мен түсіндіруге арналады. (Бағдарлмасын жүктеу)
Жиынды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықов кіріспе сөзбен ашып, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов «Рухани жаңғыру» және мемлекттік жастар саясаты», ҚР Паламенті Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен «Жастар және экономика: басым бағыттар», Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев «Астана –
жастар қаласы», «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғали «Жастарға киелі орындар арқылы тәлім беру», «Kazinform» халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры Асқар Омаров «БАҚ және жастар», Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, РһD, көпбалалы ана Бақытжамал Жұматаева «Отбасы және кәсіп құндылығы», Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев, «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Есен Елеукен «Жастар талғамы және шығармашылық ізденістер», ЕҰУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлелұлы «Абайдың айнасы: қоғам және жастар»  тақырыбында баяндама жасайды деп күтілуде.
Форумның мақсаты: студент-жастардың отансүйгіштік сезімін дамыту, еліміздің егемендік тарихын кеңінен насихаттау.
Форумның міндеттері:

  • ЕҰУ студенттерін саяси ақпаратпен қамтамассыз етіп, қоғамдық пікір топбасшыларының көзқарастарымен таныстыру;
  • жастардың заманауи әлеуметтік-саяси ұстанымдарын қалыптастыру;
  • студент-жастарға Қазақстан қоғамының болашағы үшін жауапкершіліктерін түсіндіру.

 
 
Мекен-жай:
Астана қаласы, Қ.Сәтбаев көшесі 2, ҚР Тұңғыш Президенті аудиториясы (№208)

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий