Ұлттық құраманы қолдаймыз  (қос тілде)

Семей қаласындағы физика –математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы XXIII қысқы Олимпиада ойындарына қатысушы Қазақстан ұлттық құрамасын қолдау мақсатында биатлоннан жарыс жолына шықты.

Швед жүйесі бойынша өткізілген шаңғы жарысына мектеп әкімшілігі, ұстаздар, қызметкерлер, жатақхана тәрбиешілері, күзет қызметі дерліктей қатысты. Жарыс шарты бойынша әр командаға 2 ер, 1 әйел адамнан топтасып, 3 шақырымды еңсеру  міндеттелді. Тағы бір ерекшелік қатысушылар жол ортада 10 метр қашықтықта орналасқан нысананы өздері асынған мылтықпен атулары керек.
–  Бүгінгі жарысқа қатысуға ниет білдіргендер саны өте көп. Араларында шаңғыны алғаш теуіп тұрғандары да бар. Соған қарамастан, жарыс жоғары деңгейде өтті. Біз осы жарыс арқылы Пхёнчхан қаласында ел намысын қорғап жатқан олимпиадашыларымызға қолдау білдіреміз. Олардан шалғайда болсақ та, солармен бірге екенімізді көрсеткіміз келеді, – дейді жарыстың бас төрешісі Елена Афансьева.
Жарыс қорытындысы бойынша белгіленген қашықтықты 21 минут 36 секундта жүгіріп өткен «Жатақхана тәрбиешілері» командасы бас жүлдені жеңіп алып, ауыспалы кубокке ие болды. Ал олардан 14 секундқа қалып қойған «Қызметкерлер» командасы 2 –ші орынға ие болды. Жүлделі 3 –ші орын «Күзет қызметі» командасына бұйырды. Олардың көрсеткіші 22 минут 45 секунд.
Жеңімпаз командалар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Ермек Исабаев, Семей қаласындағы физика –математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы
 
В поддержку олимпийцев
Коллектив Назарбаев Интеллектуальной школы физико-математического направления города Семей с целью поддержать Национальную сборную Казахстана, участвовавшую в XXIII зимних Олимпийских играх, провели состязания по биатлону.
В соревнованиях, прошедших по шведской системе, участвовало администрация  школы, учителя, сотрудники, воспитанники общежития, а также сотрудники службы охраны. По условиям состязаний каждая команда должна состоять из двух мужчин и одной женщины, которым предстояло преодолеть 3 километра.
Еще одна особенность – участники с помощью ружья должны попасть в мишень на расстоянии 10 м. – Изъявивших желание принять участие в соревнованиях было много. Среди них есть и те, кто впервые встал на лыжи. Но, несмотря на это, соревнования прошли на высшем уровне. Данным мероприятием мы хотим поддержать наших спортсменов, защищающих честь страны в Пхенчхане. Пусть мы и не рядом, но мы поддерживаем их на расстоянии, – отмечает главный судья соревнований Елена Афанасьева. По итогам состязаний, преодолевшая расстояние за 21 минуту 36 секунд команда «Воспитанников общежития» выиграла главный приз и была удостоена переходящего Кубка.
Прибежавшие на 14 секунд позже команда «Сотрудников» завоевала второе место. Третье место пьедестала досталась команде «Службы охраны», чей показатель составил 22 минуты 45 секунд. Команды-победители были награждены грамотами.
Ермек Исабаев,
пресс-секретарь Назарбаев Интеллектуальной школы физико-математического направления города Семей

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий