Батыс Қазақстан облысы: Оқу-ағарту министрі дарынды балалармен кездесті

Батыс Қазақстан облысына сапары барысында министр Ғани Бейсембаев дәстүрлі түрде оқушылармен кездесті. Олардың арасында отбасылық типтегі балалар ауылының тәрбиеленушісі Николай Керцман да болды. Бірнеше ай бұрын сегізінші сынып оқушысы министрмен кездескісі келетінін айтып, хат жазған болатын.

Ол белсенді түрде спортпен айналысады, облыстық және республикалық чемпионаттарға қатысады. Бүгінде оның жеңіл атлетика, шаңғы жарысы және допты хоккейден марапаттары бар. Жасөспірім министрге өзінің жетістіктерін айтып, армандарын жеткізді. – Бізді тәрбиелеп, оқытуға бар күш-жігерлерін жұмсап жүрген мұғалімдерімізге рахмет. Олардың арқасында мен спортты қаншалықты жақсы көретінімді түсіндім. Болашақта еліміздің намысын әлемдік аренада қорғай отырып, оқуымды жалғастырып, спорттағы мүмкіндіктерімді кеңейтуді қалаймын, – деп сендірді Николай.

Сондай-ақ, түрлі олимпиадалардың жүлдегерлері, пікір-сайыс қозғалыстарының өкілдері, республикалық шығармашылық конкурстардың лауреаттары және басқа оқушылар өздерінің жеңістері мен мақсаттары туралы әңгімеледі. Өз кезегінде, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев отандық білім саласының беделін арттыруға қосқан үлестері үшін жас өрендерге алғыс айтып, табыс тіледі. Сондай-ақ оларды толғандырған барлық сұрақтарына жауап берді.

Айта кетейік, бүгінде өңірде 122 мыңнан астам оқушы білім алуда. Биыл 25 оқушы 1 алтын, 5 күміс және 19 қола медаль жеңіп алып, республикалық пәндік олимпиадада жалпы командалық 3 орынға ие болды. Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысындағы 60 оқушы республикалық және халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпазы атанды. PISA-2022 жаһандық рейтингінің қорытындысы бойынша өңірлер бөлінісінде Батыс Қазақстан облысының оқушылары орташа нәтиже көрсетті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий