Гаухар Алдамбергенова, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры: Қазақ елінің мерейін тасытты

Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 19 наурыз күні жасаған мəлімдемесін үлкен толғаныспен қабылдадым. Өйткені, бұл – тарихи сәт болатын.

Шын мəнінде тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктері, бүгінгі кескін-келбеті Нұрсұлтан Назарбаевпен тығыз байланысты.

Гаухар АЛДАМБЕРГЕНОВА,Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Еліміз егемендік алып, тəуелсіздіктің тəуекелшіл жолына бет алуының қайнар бастауында Сіз тұрдыңыз. Бүгінде əлемдегі ең үздік дамыған отыз елдің қатарына кіруді алдына асқақ мақсат етіп қойып, сол жолда орасан зор табыстарға қол артып үлгерген мерейлі мемлекетіміздін іргесін қалап, қадамын нықтап, қабырғасын тұрғызған, айналасын бекемдеп, шаңырағын көтерген де өзіңіз едіңіз. Сіздің дара яки салиқалы саясатыңыздың арқасында Қазақ елі одан әрмен дами беретініне Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымы мен студенттерінің сенімі зор.

Сіз, Нұрсұлтан Əбішұлы, бізді қай салада болмасын, жеңістерге жетелеушісіз, сол жеңістер мен жетістіктерге дем берушісіз. Біздің елімізде осы кезге дейін қандай бір қол жеткен толағай табыстар болмасын, соның барлығында сіздің қолтаңбаңыз, əкелік қамқорлығыңыз, басшылық бағдарыңыз бар. Тек соңғы жылдардың өзінде сіздің ұйытқы болуыңызбен қаншама іргелі істер, баянды бағдарламалар қолға алынды. Бұл бастамалар – ел игілігіне айналар іргелі істерге жол ашты, серпін берді.

Сіздің үлкен сеніміңіз бен қамқорлығыңыздың арқасында қазақ қыздарының парасат мектебі – Қыздар университетіне «Ұлттық» мәртебесін берілуі 75 жылдық тарихы қарашаңырақ білім ордасының алдына үлкен міндеттер қойды. Беделін арттырды. Ұжым алдында зор жауапкершілік жүктеді.

Сіздің «Бір қызды тәрбиелеу – бір ұлтты тәрбиелеумен бірдей» деген ұлағатты сөзіңізді ұстаным етіп алған университет ұжымы өз қызметінде қазақстандық патриотизмді, Сіздің бастамаңызбен дүниеге келген «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын басты бағдар ретінде ұстайды.

Бұл – еліміздің мәртебесін арттырып, өзге жұртпен терезесін тең еткен, айбынын асырып, беделін тасытқан Тұңғыш Президентке деген зор құрметтің айқын нышаны.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Гаухар Алдамбергенова, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры: Қазақ елінің мерейін тасытты

Добавить комментарий