Х жазғы республикалық универсиада: жеңіл атлетиканың жалауы желбіреді

Өскеменде Х-шы жазғы Универсиада аясында жеңіл атлетика жарысының ашылу салтанаты өтті.

ШҚМТУ-дың оқу және әдістемелік істер жөніндегі проректоры Жадыра Қонырбаева, ҚР БҒМ «ҰҒПДТО» өкілі  Бексұлтан Тілеулесов, ШҚО дене шынықтыру басқармасының міндетін атқарушы Азамат Құстыбаев, облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығының орынбасары Елена Шимина, жеңіл атлетикадан спорт шебері және спорт ардагері, КСРО студенттері арасындағы жарыстық бірнеше дүркін жеңімпазы Әдебиет Байтиков, жеңіл атлетикадан спорт шебері және спорт ардагері, КСРО студенттер арасындағы жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Рақымғазы Көшербаев, жеңіл атлетикадан спорт шеберіне үміткер және спорт ардагері техникалық КСРО жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы жарыстың жеңімпазы Жалел Қадыров, дене шынықтыру және спорт кафедрасының  меңгерушісі, Шығыс Қазақстан облысы волейболдан студенттік және мектеп лига федерациясының президенті Болатбек Даумов  байрақты бәскенің ашылуымен құттықтап, қатысушы жастарға сәттілік тіледі.

Жарысқа республикамыздың әр аймағынан он команда қатысуда.  Олар: Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті; Қазақстан-Американдық еркін университеті; Атырау мұнай және газ университеті; Батыс Қазақстан Медицина Университеті; Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті; Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті; Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттик педагогикалық университеті; Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті; Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті; Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Наргиза Бекмағанбетова,  ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының Баспасөз хатшысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий