Әлемде білім ордаларын таңдап дамыту белең алып барады – UNESCO сарапшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Назарбаев Университетінде өтіп жатқан халықаралық конференцияда UNESCO сарапшысы әлемнің кейбір елдерінде нақты бір университетке ғана басымдық беру белең алып бара жатқанын мәселе ретінде көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі, хабарлайды www.inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Назарбаев Университетінде өтіп жатқан халықаралық конференцияда UNESCO сарапшысы әлемнің кейбір елдерінде нақты бір университетке ғана басымдық беру белең алып бара жатқанын мәселе ретінде көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ғылым интеграциясына кейін қосылып жатқан кейбір мемлекеттер білім беру инновацияларын белгілі бір университеттерге ғана енгізумен әуестеніп кетті. Инновация шекарамен шектелмеуі керек. Мұндай үрдіс әлем қауымдастығын қатты алаңдататды» – деді Анатолий Олексиенко.

UNESCO сарапшысы үздіксіз білім берудің әлемдегі озық тәжірибелерін трансформациялауда Қазақстан тәжірибесі сәтті деп есептейтінін жеткізді.

«Бұл тұрғыда – Қазақстан жасап жатқан эксперимент өте дұрыс. Үздік білім ошағының тәжірибесін уақытпен сынап, кейін жаппай тарату арқылы Қазақстан білім жүйесін заман ағымына сәтті сәйкестендіріп жатыр. Топ-таланттар шақыру арқылы жалпы жүйені жетілдіруге болады. Осындай сәтті тәжірибе ретінде Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне бағытталған «Болашақтың университеті» жобасын айтуға болады» – деді ол.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Loading Likes...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *