Білім және ғылым министрлігі 10 сәуірде өтетін жиналысқа шақырады

2018 жылы 10 сәуірде Алматы қаласында, «Ғылым ордасы» ғимаратында Қазақстан Республикасы Ғылыми қызметкерлер күніне арналған салтанатты жиналыс  өтеді.
Жиналысқа Қазақстанның академиктері мен белгілі ғалымдары, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың, ұлттық және ұжымдық қолданыстағы инженерлік зертханалардың басшылары, жас ғалымдар, өзге де қоғамдық ұйымдардың, БАҚ өкілдері қатысады.
Салтанатты жиналысты Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик М.Ж. Жұрынов ашып, ғылыми қоғамдастықты төл мерекесімен құттықтайтын болады.
Білім және ғылым вице-министрі Т.И.Ешенқұловтың сөйлейтін сөзінде Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиевтің еліміздің ғалымдарына деген сәлемдеме жолдауы жеткізілетін болады, сонымен қатар қатысушыларға ғылымның ағымдағы жай-күйі мен оның даму болашағы баяндалады.
Осы жиналыс барысында ғылымның дамуына зор үлес қосқан ғалымдарға ҚР БҒМ ведомстволық марапаттарын, ҚР Білім және ғылым министрінің құрмет грамоталары мен алғысхаттарын табыстау рәсімі өтеді.
Әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, ҚР БҒМ және «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-ымен бірлескен жобасының аясында ведомствоға қарасты ҒЗИ жас ғалымдарына Алматы қаласында 120 пәтер бөлінді, бұл жалға берілген пәтерлерді болашақта сатып алу мүмкіндігі бар. Жүзеге асырылған іс-шара аясында жас ғалымдарға 10 пәтердің кілті табыс етіледі.
Алдын ала тіркелу міндет: pressa.edu@gmail.com
Тел. +7(708)3214582; 8(727)2610030; 87027259713

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий