Бастапқы жарнасыз баспана: Мұғалімдер үшін үй алу талаптары қандай

Бастапқы жарнасыз баспана: Мұғалімдер үшін үй алу талаптары қандай

ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Орсариев бастапқы жарнасыз баспана бағдарламасы бойынша білім қызметкерлеріне 1500 пәтер бөлінетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, бүгін елордада «Қазақстан ипотекалық компаниясы» (ҚИК) мен ҚР ДСМ, ҚР БҒМ арасында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша сатып алу құқығымен тұрғын үйлерді жалға беру туралы келісімдерге қол қойылды. Аталған келісімдер арқылы министрліктер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін тұрғын үймен қамту жоспарланған.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Арын Орсариев білім саласының қандай қызметкерлері аталмыш бағдарлама бойынша үй ала алатынын айтып берді.

«Жалпы бағдарламаға қатысуға кімнің құқығы бар? Министрліктің және ведомстоның бағынысты ұйымдарының қызметкерлері кезек тәртібі бойынша ала алады. Соңғы бес жылда олардың атында тұрғын үй болмауы керек. Сондай-ақ, төлем қабілеті расталуы тиіс. Яғни, кіріс туралы анықтама алып келуі қажет. Кейін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй беріледі. ҚИК Білім және ғылым министрлігіне қанша пәтердің бары туралы хабарлама жібереді. Ол хабарламада пәтердің шаршы метрі, қабаты, бағасы бәрі көрсетіледі. БҒМ кезектегі адамдарға өтініш хат жібереді. ҚИК қатысушылармен жалға алу шартын жасайды. Осы шарт 240 айға, яғни 20 жылға арналған. Бір жолғы төлем – 1 пайыз», – деді ол.

Бастапқы жарнасыз баспана: Мұғалімдер үшін үй алу талаптары қандай

БҒМ жауапты хатшысының атап өтуінше, қазіргі таңда Қазақстанда білім саласында 10 мыңға жуық адам пәтер кезегінде тұр.

«Шаршы метрін 260 мың теңге деп есептесек, 50 шаршы метрлік үй шамамен 13 миллион теңге тұрады. Егер жалға беру мерзімі 20 жыл болса, ай сайынғы төлем шамамен 60-70 мың теңге болмақ. Егер біз келісімшартты 15 жылға жасар болсақ, айына 80-90 мың теңгеге айналады. Алдағы екі жылда осы бағдарлама бойынша мұғалімдерге 1500 үй бөлінеді», – деді ол.

Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бұл бағыттағы шаруа біршама мәселені шешетінін айтып өтті.

«Жақында Тараз қаласында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырма берген болатын. Бұл расында да, күрделі мәселе. Қазіргі күні денсаулық сақтау саласындағы бір түйткіл – ол, әрине, кадр тапшылығы. Бұл мәселені терең зерттеп жатырмыз. Әлбетте, көп жағдайда кадр тапшылығы дәрігерлер мен медбикелердің әлеуметтік жағдайына байланысты болып отыр. Осы бағытта Үкімет осы мәселені шешу үшін бірнеше бағыт бойынша жұмыс жүргізеді. Біріншіден, әрине, барлықтарыңыз білетіндей, Елбасының тапсырмасымен 1 маусымнан бастап бүкіл медициналық қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға көтерілетін болады. Тапсырманы орындау үшін қажетті нормативтік құжаттар қабылданды. Қаражат бөлінді. Осы айдан бастап бүкіл дәрігерлер, мейірбикелер мен медициналық мекемеде еңбек ететін қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға көтерілетін болады», – деді министр.

Бастапқы жарнасыз баспана: Мұғалімдер үшін үй алу талаптары қандай

Елжан Біртановтың сөзінше, бүгінде 15 мың медицина қызметкері баспанаға зәру.

«Қазіргі таңда Қазақстанда 400 мыңға тарта медициналық қызметкер еңбек етеді. Олардың ішінде 170 мың мейірбике мен 60 мың дәрігер бар. Әлбетте, осы баспана тапшылығы мәселесі бар. Қазіргі таңда біздің мәлімет бойынша, 15 мыңнан астам дәрігерге баспана қажет. Бүгінгі меморандумға қол қою – бізге өте қуанышты жағдай. Республика бойынша, 1 жарым мың медициналық қызметкер жалға берілетін баспананы алатын болады. Бұл жұмысты ары қарай жергілікті атқарушы органдармен жалғастырамыз. Менің ойымша, осы шаралар арқылы дәрігер мен мейірбикелердің әлеуметтік жағдайы көтеріледі. Бұл тікелей медициналық қызметтің сапасын көтеруге септігін тигізеді», – деді ол.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Loading Likes...

Бастапқы жарнасыз баспана: Мұғалімдер үшін үй алу талаптары қандай

  1. Здравствуйте, а когда начнется эта программа. Какие документы необходимы?

  2. Бұл бағдарлама қасан іске қосылады және очередте тұрған мұғалімдерге беріле ма әлде қайтадан документ жинап өткізу керек па

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *