Табиғатты аялау – парызымыз

«Ақсу» балалар эко-техно орталығындағы «Табиғатты аялайық» атты жазғы  еңбек тәжірибесіне  №1, №2, №4, №7, №8  орта мектеп оқушылары  келді. Табиғат тіршіліктің  құт – берекесі. Сондықтан қоршаған ортаны көздің қарашығындай қорғау міндетіміз.

Тал бесігімізді қаз қалпында сақтап, келесі буын өкілдеріне табыстау қазіргі жастардың қолындағы мүмкіндік. Рас табиғат адам үшін асыл анасындай қастерлі. Өйткені адамзат ұрпағы осы тұтас тіршілік әлемінде өсіп жетілген. Қазіргі кезде экологияның ластануы үлкен – күрделі мәселеге айналды. Сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік, айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылысты қолымызбен аяусыз бүлдіріп, халықаралық деңгейде талқыланатын тақырыпқа жеткіздік. 

Біздің орталығымыздағы әрбір жайқалып тұрған ағаштар мен жайқалған гүлдерге қамқорлық жасау жергілікті мектептердің оқушылары жұмылатын тұрақты дәстүріміз. «Табиғатты аялайық» атты жазғы еңбек тәжірибесіне жастарымыз белсене қатысып, ізгілікті істерімен өнеге көрсеткен шәкірттер тобы кезекті мәрте марапатталды.      

№1 орта мектептің 8 «л» сынып оқушылары Елубаев Арыстан, Уахит Самат, Мейрамбаев Махат, Төленов Ильяс, №7 орта мектепте оқитын 7 «а» сынып оқушысы Лебедь Валерийдің есімдерін айрықша атап айтқан абзал. Сонымен қоса әр мектеп оқушылары мен сынып жетекшілері түрлі номинацияларды иеленді.

 №1 орта мектеп 8 «л» сыныбы «Күш және төзімділік»; №2 орта мектептің 6 және 7 сыныптары «Белсенді қатысқаны үшін», «Тырысу және еңбекқорлық»; №4  орта мектептегі 7 мен 8 сыныптары «Еңбекқорлық пен жауапкершілік», «Жігер мен шыдамдылық»; №7 орта мектептің 7 «а» сыныбы «Ақылды және  парасатты»; №8 орта мектеп 7 «в» сыныбы «Белсенділік-өмірлік ұстанымы»  аталымына лайық танылды. Басқосу соңы таза ауадағы көңілді кешке ұласып, оқушылар көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

Гүлбайна КЕНЖЕБАЙ,
әдістемелік бөлімінің меңгерушісі,
Павлодар облысы, Ақсу қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Loading Likes...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *