Еуразия университетінде «Қытайтану институты» ашылды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ғылыми кеңесінің шешімімен ғылыми-зерттеу бағытындағы «Қытайтану институты» ашылды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Қытайтану институтының негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан стратегиялық әріптес ел – Қытай Халық Республикасының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, экономикалық-әлеуметтік даму ерекшелігін, әлемдегі орнын зерделеп, ғылыми байыптау. Ресми Бейжіңнің Шығыс және Оңтүстік Азия, Тайвань, Батыс Еуропа, Түркі, Ислам дүниесі, Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасын сараптау. Сондай-ақ ҚХР-дың өз ішіндегі этносаралық, дінаралық, экономикалық, әлеуметтік, саяси мәселелерді,бүгінгі қалпы мен беталысынболжамдап, ақпарат көздеріне мен жалпы оқырманға анық етіп жеткізу. 

Институттың мәдени бағдарда жоспарлаған жұмыстары да едәуір. Мысалы, Қытай мұрағаттарындағы ежелгі түркі, қазақ тайпалары тариxы мен мәдениетіне қатысты деректерді іздеу, жинау, жүйелеу және басып шығару. Әйгілі қытай ғалымдары жазған ежелгі түркі, байырғы қазақтариxы мен мәдениетітуралы зерттеулерді, қытай (xанзу) ұлтының түсінік-танымын,талғам-парасатынҚазақстан жұртшылығына кеңінен таныстыру.Қытай әдебиеті үлгілерін қазақ тіліне аудару. Екі жақтың мәдени-рухани, ғылыми-зерттеушілік қарым-қатынасына лайықты жағдай туғызу.

Аталған институттың басшысы болып белгілі қытайтанушы, филология ғылымдарының докторы, ақын, Дүниежүзі синологтар қоғамының мүшесі Дүкен Мәсімханұлы тағайындалды. Ғалымның осы аядағы зерттеу кітаптары, аудармалары, оқу құралдары, сөздіктері оқырманға, ғылыми қауымға мәлім. Аталған институт Қазақстан-Қытай мемлекетаралық қарым-қатынасының жаңа сапалы деңгейге көтерілуіне өзіндік үлесін қосады деп санаймыз.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Loading Likes...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *