Мұнай компаниясы жұмысшылардың балаларына тынығулары үшін тегін жолдама үлестірді

Демалыстың көркі – лагерь. Лагерьде балалар алаңсыз асыр салып ойнап, бір жасап қалады. Олар мәдени орындарға саяхат жасайды. Танымдық және рухани білімін толықтырады. «Бала-біздің болашағымыз» қағидасын ұстанатын «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы мұнайшы балаларының жазғы демалысын ойдағыдай ұйымдастыруды тұрақты дәстүрге айналдырған, – деп хабарлайды осы отандық ірі кәсіпорынның сайты.

Жақында Алматы қаласында орналасқан «Ақбұлақ» лагеріне 115, «Арман Дала» лагеріне 117 бала жақсы көңіл-күйде жолға шықты. Тәрбиешілер балалар демалысының көңілді, қызықты, мағыналы өтуі үшін бар күшін салады. Лагерьде балалар түрлі спорттық жарыстарда бақтарын сынап, мағыналы кештерге қатысады. Қызықты кітаптармен сусындап, ертегілер еліне саяхат жасайды.

Мектеп оқушыларының жазғы демалыс күндерін мазмүнды өткізуге лайықталып, барлық жайлы жағдайлар жасалған арнайы орында  денсаулығын жақсартумен қатар тиімді тынығудың әр күні ұмытылмас сәттер мен қайталанбас әсерге толы болары даусыз. Балалар жазғы демалысының жақсы өтуіне атсалысып жүрген әлеуметтік әкімшілік сала мамандары мен кәсіподақ төрағаларына мектеп ұжымдары мен ата-аналар атынан айтылар алғыстардың легі толастар емес!

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының басшылығының қолдауымен жыл сайын мұнайшы балаларына жазғы лагерьлерге барулары үшін 4500-ден аса дана тегін жолдама берілетіндігін айрықша атап айтқан абзал. 

Тарихқа көз жіберсек «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы өткен ғасырдың алпысыншы жылдары жаңадан табылған өзен кен орнындағы табиғи байлықты игеру қажеттілігіне байланысты құрылған болатын. 

Өзен кенорнындағы барлау жұмыстары 1959 жылы басталып, 1960 жылы Ғазиз Әбдіразақов бригадасы алғашқы газ бұрқағын алды. Бір жылдан соң Михаил Кулебякин бастаған арнайы мамандар тобы мұнай көзін ашты. 

Тәуелсіздік тұсында «Өзенмұнайгаз» ААҚ және «Ембімұнайгаз» ААҚ қосылуы нәтижесінде «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы жасақталғанымен кейіннен «Өзенмұнайгаз» кәсіпорны ретінде қайта құрылымдалды. 

Қазіргі таңда бұл бірлестіктің құрамында 16 басқарма бар. Оның төртеуі мұнай газ өндіру басқармасы болса, қалғаны осы өндіріске қосымша сервистік қызмет көрсетуге мамандандырылған. Компанияда он мыңға жуық аса адам қызмет атқарады. Олар Өзен және Қарамандыбас кен орнындарын игеруге жұмылдырылған. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий