Цифрлы Қазақстан: ЕҰУ-де SAP компаниясының сараптамалық орталығы ашылады

1918 жылы 19 сәуірде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында SAP халықаралық компаниясының сараптамалық орталығы ашылады.
Салтанатты шараға Ресей және ТМД бойынша SAP «Университеттік Альянсының»  директоры Игорь Белоусов, «IBA Қазақстан» ЖШС директоры Михайл Бунас, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, сондай-ақ оқытушылар мен студенттер қатысады деп күтілуде.
SAP сараптамалық орталығы SAP шешімдерін басқару, қолдау және дамыту үшін бірыңғай интеграцияланған корпоративтік ІТ қызмет көрсететін бірлік   болып табылады.
Бұл орталық ЕҰУ-дің жетекші академиялық зерттеушілері мен идея   көшбасшылары, студенттер, стартаптар, технологиялық қоғамдастық  серіктестері, венчурлық фирмалар, мақсатты серіктестер және SAP сарапшылары мен клиенттерге іскерлік серіктестер орнату мақсатында ашылып отыр.
Салтанатты шара барысында Еуразия ұлттық университетіне SAP Халықаралық Альянсының мүшесі ретінде арнайы белгі және мұғалімдерге сертификаттаудан сәтті өткені жөнінде SAP куәліктері тапсырылады.
SAP компаниясы – бұл бизнес-бағдарламалық шешімдердің жетекші жеткізушісі әрі ұйымдар үшін бағдарламалық жасақтама өндіруші. SAP Қазақстанда «Университеттік альянсы» жоғары оқу орындарымен жаһандық әріптестік бағдарламасын жүзеге асырады.
SAP академиялық бағдарламасына әлемнің 110 елінен 3400-ден астам оқу орны қатысады, соның ішінде Қазақстанның 11 жетекші университеттері бар. SAP Қазақстанда 1997 жылдан бері жұмыс істеп келеді және 2014 жылы Астанада SAP кеңсесі ашылған.
Еуразия ұлттық университеті 2017 жылы SAP Университеттік Альянсына қосылды. Осы ынтымақтастық аясында оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар SAP бағдарламасы бойынша курстарда оқиды, диплом жұмыстарын орындайды және тәжірибеден өтеді. Университеттік Альянсқа мүшелік SAP бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша оқу материалдарына қол жеткізуді қамтиды.
Уақыты: 15:00
Орналасқан жері: Астана қ.,  Пушкин көшесі 11, 122 аудитория
 

Цифровой Казахстан в действии: в ЕНУ презентуют Центр экспертизы компании SAP

В рамках реализации государственной программы «Цифровой Казахстан» 19 апреля 2018 года в ЕНУ им.Л.Н.Гумилева состоится презентация Центра экспертизы международной компании SAP.
Официальная церемония состоится с участием директора Университетского альянса SAP в России и СНГ Игоря Белоусова, директора ТОО «IBA Казахстан»  Михаила Бунаса, ректора ЕНУ им.Л.Н.Гумилева Ерлана Сыдыкова, а также преподавателей и студентов.
Центр Экспертизы SAP единица, которая предоставляет единую комплексную общекорпоративную IT услугу по управлению, поддержке, обеспечению эксплуатации и развитию решений SAP.
Подобные центры открываются для установления связей клиентов SAP, бизнес-партнеров ЕНУ с лидерами академических идей и исследователями, студентами, стартапами, партнерами по технологическому сообществу, венчурными фирмами, целевыми партнерами и экспертами SAP.
В этот же день состоится  церемония вручения ЕНУ  Знака Акселератора SAP, как члену Международного Альянса SAP, и сертификатов преподавателям, успешно прошедшим сертификацию SAP.
Акселераторы – это инноваторы нового поколения в университетах в сети SAP Next-Gen, которые  взаимодействуют с отраслевыми партнерами для работы над проблемами реального мира.  Идея акселераторов – вдохновлять компании на инновации с целями, связанными с глобальными целями ООН в области устойчивого развития.
Компания SAP − ведущий мировой поставщик программных решений для бизнеса, производитель программного обеспчения для организаций.  SAP ведет в Казахстане глобальную программу партнерства с высшими учебными заведениями «Университетский альянс».
В академической программе SAP участвуют более 3400 учебных заведений из 110 стран мира, в том числе и 11 ведущих вузов Казахстана. Представительство SAP в Казахстане работает с 1997 года, в 2014 году был открыт офис SAP в Астане.
Евразийский национальный университет вступил в Университетский Альянс SAP в 2017 году. В рамках данного сотрудничества преподаватели, студенты, магистранты и докторанты проходят обучение и практику по программным курсам SAP. Членство в Университетском Альянсе предполагает доступ к учебным материалам по программному обеспечению SAP. В настоящее время хостинг SAP используется  при проведении практических занятий   для магистрантов  для выполнения дипломных работ  и преподавателями кафедры для самоподготовки.
 
Время проведения:  15:00
Место проведения: г. Астана, ул. Пушкина 11,  аудитории 122
 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий