Қазақтың ұлттық ойыны- асық ату

Ұлттық ойындар –  халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының жалғасы. Қазақтың ұлттық ойындарының бірі асық ату ойыны. Асық ойындары алдымен адамның нерв жүйелерін шыңдап, ұстамдылыққа, дәлділікке, тұрақтылыққа, тыныс мүшелерінің қалыпты дамуына тәрбиелейді.
IMG_6902
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қалалық білім бөлімінің кәсіподақ комитетінің төрайымы Мырзатаева Амина Оразайқызының бастамасымен Рудный қаласының №15 орта мектебі қабырғасында  «Білім ұйымдарында дене шынықтыру –сауықтыру шараларын ұйымдастыру» атты қалалық кәсіподақ ұйымы активінің оқыту-практикалық мектебінің семинары өтті. Семинарға қалалық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері шақырылды.
Ааталған іс-шараға  Қостанай облысының «Асық ату» федерациясының директоры Какешев Каршал  және «Асық ату» ойынының жанашыры, ардагер спортшы Жиеналин Серікбай, облыстық кәсіподақ ұйымының әдіскері Т.П. Коновалова шақырылды.
№15 орта мектебінің облыстық, республикалық деңгейдегі «Асық ату» ойынының жеңімпаздары: Жалиева Гаухар, Шанабай Мереке, Жұмабаева Айтолқын, Бекмуратова Ақбөпе,  «Асық ату» ойынының Қазақстан бойынша жүлдегері  Алиева Мариям. Мектептің «Асық ату» үйірмесінің жетекшісі   дене шынықтыру пәні мұғалімі Ғалинұр Сүйментайұлы Бектенов. Мектеп ұжымы  үнемі республикалық, облыстық  деңгейдегі сайыстарда биік тұғырдан көрініп жүр.
Семинар қатысушылары мен қонақтарға оқушылардың, мұғалімдердің  жетістіктерінен  ұйымдастырылған көрме және асықтың түрлерінен экспоция дайындалды.
Семинардың басында қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Амина Оразайқызы сөз алып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұлттық ойындарды дәріптеу барысында болашақта қаламызда «Асық ату» ойынынан сайыстар өтетінін ерекше айтып өтті. №15 орта мектебінің директоры Қ. Р. Нұрмағанбетов келген қонақтарға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.
Шеберлік сыныпта «Бес табан», «Бес асық», «Омпы», «Тасқала» ойындарының ережелерімен таныстырып,ойын ойнатылды. Нәтижесінде ерекше көзге түсіп, ойын көрсеткен қонақтар марапатталып, сыйлыққа асық алды. Болашақта осындай үрдіс жалғасын тапса дейміз.
Рудный қаласының №15 орта мектебінің кәсіподақ төрайымы 
Жумагүл  Досмагамбетова
 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий