Жеңіске алғашқы қадам

Астана қаласында 2018 жылғы 16-19 сәуір күндері республикалық физика-математикалық, Назарбаев Зияткерлік мектептерінде және «Нұрорда» мектеп-лицейінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы І республикалық  жасөспірімдер олимпиадасы өтті.  

Республикамыздың барлық өңірлерінен олимпиадаға 171 бала қатысты. Павлодар облысының намысын облыстық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары, мамандандырылған  мектептердің 10 оқушысы  қорғады.
Олимпиада қорытындысы бойынша физика пәнінен І дәрежелі дипломдармен – Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 7 сынып оқушылары  Лим Владимир, Рахимжанов Динмухамед, математика пәнінен ІІ дәрежелі дипломдармен – дарынды балаларға арналған №8  лицей-мектебінің   7 сынып оқушылары Шварц Максим, Ибраев Алдияр, бағдарламалау бағыты бойынша ІІІ дәрежелі дипломдармен – дарынды ер балаларға арналған  «Білім инновация» лицей-интернатының 8 сынып оқушылары Хасанов Рустем және Абихас Алихан  марапатталды.
Лим Владимир мен Рахимжанов Динмухамедке Алматы физика-математикалық мектебінің гранты  берілді.

Первый шаг к победе

В г. Астане на базе республиканской физико-математической школы, Назарбаев Интелектуальной школы и школы-лицея «НурОрда» в период с 16 по 19 апреля 2018 года проведена І республиканская юниорская олимпиада по предметам естественно-математического направления.
В мероприятии приняли участие 171 учащийся – победители и призеры областных юниорских олимпиад со всех регионов Казахстана. От Павлодарской области  участвовало 10 учащихся специализированных школ.
По итогам олимпиады дипломами І степени по физике награждены Лим Владимир, Рахимжанов Динмухамед (школа-лицей №8, 7 класс), дипломами ІІ степени по математике – Шварц Максим, Ибраев Алдияр, (школа-лицей №8, 7 класс), дипломами ІІІ степени по программированию – Хасанов Рустем, Абихас Алихан (лицей-интернат «Білім-инновация», 8 класс).
Двое учащихся 7 класса школы-лицея №8 для одаренных детей Лим Владимир и Рахимжанов Динмухамед стали обладателями грантов физико-математической школы г.Алматы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий