Тіл мамандары ПМУ-де бас қосты

Торайғыров Павлодар Мемлекеттік Университетінде Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында орыс тілі және әдебиеті бойынша пәндік олимпиада өтті. Болашақ тіл мамандарын Университеттің академиялық жұмыс жөніндегі проректоры Петр Быков қарсы алды.

Орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к, доцент Гүлвира Шаикованың айтуынша, жоғары оқу орнындағы олимпиадалық қозғалыс – бұрыннан қалыптасқан игі дәстүр. Пәндік олимпиадаларға қатысу студенттердің білім деңгейін анықтауға, оларды белгілі бір пәндер бойынша дайындауға мүмкіндік береді.

«Біздің студенттер жыл сайын олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Биыл филологтар арасындағы зияткерлік жарыс ПМУ базасында үшінші рет өтті. Екі күн ішінде қатысушылар орыс тілі мен әдебиеті бойынша тапсырмаларды кезең-кезеңмен орындап, шығармашылық байқауда командаларын таныстырды», – дейді Г.Шаикова.

Олимпиада қорытындысы бойынша М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандағы филиалының командасы үздік нәтиже көрсетті. Жастар жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің намысын қорғаған студенттер күміс жүлдегер атанды.
Үшінші орынды Өтемісов Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті мен Уәлиханов Көкшетау Мемлекеттік Университетінің болашақ тіл мамандары өзара бөлісті.

Филологи Казахстана встретились на республиканской олимпиаде в ПГУ

Республиканская предметная олимпиада по русскому языку и литературе среди студентов вузов Республики Казахстан прошла в ПГУ имени C. Торайгырова. Приветствовал лучших студентов-филологов и.о. проректора по академической работе Павлодарского государственного университета имени С.Торайгырова Петр Быков.
По словам заведующей кафедрой русской филологии, к.ф.н., доцента Гульвиры Шаиковой, олимпийское движение в нашем вузе – это давняя и важная традиция. Участие в олимпиаде помогает выявить уровень знаний студентов, их подготовку по определенным предметам.
«Ежегодно наши студенты участвуют в олимпиадах и занимают призовые места. В этом году интеллектуальные соревнования между будущими филологами прошли на базе ПГУ в третий раз. В течение двух конкурсных дней студенты пяти вузов поэтапно выполняли задания по русскому языку и литературе, проводили презентации команд в творческом конкурсе», – добавила Г. Шаикова.
Высокий результат показала команда Казахстанского филиала МГУ имени М.В. Ломоносова, став обладателем заслуженного первого места в общекомандном зачете.
Серебро олимпиады у представительниц ЕНУ имени Л.Н. Гумилева.
Третье место разделили языковеды ЗКГУ имени М. Утемисова, КГУ имени Ш.Уалиханова.
 
 
 
 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий