Trilingualism as a demand of our time

In this paper called ‘Trilingualism as a demand of our time’, Saghdat Tajibayeva, Professor at Al-Faraby Qazaq National University, sets out the idea of trilingualism itself and the way of bringing about of it, methodical means, publication of special books for schools and universities. She also notes a tribute of Azimbek Qoqanbayev, Professor at Al-Faraby Qazaq National University, the famous expert in chemistry, author of several guides and books in Qazaq, highly requested in our time by students and teachers.

20180404_111508
Профессор А.Қ. Қоқанбаев аға оқытушы М.Ж. Қерімқұловамен кафедраның оқу-әдістемелік жұмыстарын талқылауда

Үштілділік – заманның талабы
Білім беру ісінде заманның қойып отырған талабы – үштілділік. Бұл идеяны іске асырудың негізгі қажеттілігі – оқу үрдісін үш тілдегі оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдармен қаматамасыз ету.
Жоғары оқу орындарында қазақ тіліндегі оқулықтардың тапшылығы сонау тоқсаныншы жылдары қазақ топтарында оқитын студенттер саны өскенде байқалды. Мәселені шешуге тәжірибесі мол ғалымдар мен оқытушылар белсене кірісті. Олардың сол кезде дайындаған оқулықтары мен сөздіктері қазір де студенттер мен ғалымдардың қолданысында. Осындай ғалым-әдіскерлердің бірі – Әл-Фараби Қазақ Ұлттық Университетінің аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының профессоры Қоқанбаев Әзімбек Қоқанбайұлы.
Әзімбек Қоқанбайұлы коллоидтық және физикалық химиядан қазақ тілінде көптеген оқулықтар мен оқу құралдарын шығарып, коллоидтық химия терминдерінің орысша-қазақша, қазақша-орысша сөздіктерін және түсіндірме сөздіктерін жазды. Ол елімізде “Тілдерді қолдану және дамытудың мемлекеттік бағдарламасына” сәйкес шығарылған терминологиялық сөздіктер сериясының химия саласы бойынша жауапты авторларының бірі. Редколлегия мүшесі ретінде алғаш шыққан 2-томдық “Қазақстан Республикасының мемлекеттік фармакопеясына” орыс тілінен талай мақалалар аударып, көптеген терминдердің қалыптасуына септігін тигізді. Профессор Ә.Қ. Қоқанбаев 1998-2007 жылдары шыққан “Қазақстан Ұлттық энциклопедиясының” химия саласы бойынша тұрақты ғылыми кеңесшілерінің бірі ретінде химиялық мәтіндер мен мақалаларды іріктеуде, даярлауда он жыл бойы құлшынып еңбек етті.
2000-шы жылдары Әзімбек Қоқанбайұлы жоғары санатты әдіскер ретінде университеттің оқу-әдістемелік басқармасының оқу бөлімінде жұмыс істеп, типтік және оқу жоспарларын жасауда белсенділік көрсетті. Ол университеттік, халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияларда еліміздің жоғары оқу орындарының өзекті мәселелерін көтеріп, оларды шешуге атсалысып жүрген ғалым.
Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар академиясының академигі, профессор Ә.Қ.Қоқанбаев білім беру саласындағы ерен еңбегі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» атағымен, А.Байтұрсынов атындағы Алтын медалімен, ҚР «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған. Жуырда ғалым «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» атты белгісімен марапатталды.
Азамат, ғалым және ұстаз профессор Ә.Қ. Қоқанбаевты әріптестері 70-жастық мерей тойымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий